Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2059426
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Куртулмуштан Газа қоңырауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Азия Парламенттік Ассамблеясының (APA) төрағасы және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуш Ассамблеяға мүше елдердің парламент төрағаларына хат жолдап, палестиналықтар көрген жан түршігерлік қасіретке мазасыздық білдірді. Таяу Шығыста бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу және жалғастыру үшін ортақ саяси жауапкершілікті орындауға шақырды.

Хүррийет газеті «Министр Фидан: Өкінішке орай, Еуроодақ атысты тоқтатуды қаламайды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Газа секторында бейбіт тұрғындарды қырып жатқан Израильдің қателіктен дереу қайту керектігін атап көрсетті. «Өкінішке орай, Еуроодақ атысты тоқтатуды қаламайды» деген министр Фидан «Газа секторына зұлымдыққа бар сылтаулары таусылды» деді.

Йени Шафак газеті «Министр Фидан: Украина үшін бөлек, Палестина үшін бөлек стандарт болуы мүмкін емес» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Украина мен Палестинаға қатысты бөлек саясат ұстанған батыстық елдерге наразылық көрсетті. «Украина үшін бөлек, Палестина үшін бөлек стандарт болуы мүмкін емес. Егер біз әділетті әлем қаласақ, әрқашан принципті және дәйекті әрекет етуіміз керек» деген Фидан «Бейбітшілікке апаратын жол – екі мемлекетті шешім» деді.

Стар газеті «Алтунның мақаласы 8 елде жарияланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун 8 елдің ақпарат құралдарында жарияланған мақала жазды. Түркияға қарсы қос стандарттар мен эмбарголарды мүдделеріне айналдырғандарын білдірген Алтун «Өркендеп, дамып, күшейіп, байып бара жатқан Түркия халқымыздың болашағына үмітпен қарайтын, шетелде қадағалайтын ел емес, қадағаланатын елге айналды» деді.

Ватан газеті «Bayraktar TB3 екінші ұшу сынағынан өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның бүктелетін қанат құрылымына ие «Bayraktar TB3» қарулы пилотсыз әуе көлігі 4 сағатқа созылған екінші ұшу сынағынан сүрінбей өтті. «Bayraktar TB3» қысқа ұшу-қону жолағы бар кемелерден ұшып-қонуға қабілетті әлемдегі алғашқы қарулы пилотсыз әуе көлігі болады.



Ұқсас жаңалықтар