Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2058816
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Израиль адамзатқа қарсы қылмыс жасауда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік кабинет отырысынан кейін мәлімдеме жасады. Ердоған «7 қазан күнінен бастап Газадағы бауырларымыз қатыгездікке ұшырауда. АҚШ пен Еуропаның сөзсіз қолдауына ие болған Израиль адамзатқа қарсы қылмыс жасауда. Газалық бауырларымызға сыйымыз болған (Түркия-Палестина) достық ауруханасы Израиль күштері тарапынан нысанасына алынды. Израильдік варварлығының соңғы құрбаны болды» деді.

Хүррийет газеті «Ердоған: Елімізде А гепатитіне қарсы вакцина өндірілетін болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған бас қала Анкарада ‘KeyVac’ вакцинасы зауытының ашылуында сөйлеген сөзінде көбінесе шетелден жеткізілетін А гепатитіне қарсы вакцина енді елімізде әлемдік стандарт бойынша шығарылатын болады. Осылайша Түркия бұл вакцинаны ең жоғары стандартта шығаратын 4-ші ел болмақ» деді.

Сабах газеті «28 қалада Батырлар операциясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен Жандармерия Бас қолбасшылығының элиталық жасақтары «Батырлар операциясы» аясында 28 қалада террор ұйымы PKK-ның қыс айларында пайдалану үшін дайындаған үңгір мен баспаналарын жойылды. Ішкі істер министрі Али Йерликая «Террормен күресіміз соңғы террорист залалсыздандырылғанша табандылықпен жалғасады» деді.

Стар газеті «Түрік броньды көлігі дос елде шығарылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік қорғаныс өнеркәсібінің өнімі «Ejder Yalçın 4X4» тактикалық доңғалақты көлігі Венгрияда «Гидран» деген атпен шығарылады.

Хабер түрік газеті «Шетелдік туристер Айя-Софияға ақылы түрде кіреді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой ЮНЕСКО-ның ұсынысы бойынша 2024 жылдың 15 қаңтар күнінен бастап келуші басқару жоспары орындалатынын айтқан ол осы күннен бастап шетелдік туристер үшін Айя-Софияға кірунің ақылы екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар