Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2054564
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Газа секторына дәрі-дәрмек және медициналық материал тасымалдаған президенттік ұшақ Мысырға қонды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиядан Газаға дәрі-дәрмек пен медициналық материал тасымалдаған президенттік ұшақ 20 дәрігермен Мысырға ұласты.

Сабах газеті «Министр Болаттың Түркия экономикасы туралы мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Өмер Болат кеше жасаған мәлімдемесінде Түркияның 2053 жылы әлемнің алғашқы 10 экономикасы және сатып алу қабілеті паритеті бойынша әлемнің алғашқы 5 экономикасы арасында орын алуын мақсат еткендерін айтты.

Стар газеті «Нигерия "Қызылелма" мен "АТАК"-қа назар аударды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның қару саудасында ең жақсы нұсқа екенін білдірген Нигерия баспасөзі «Қызылелма» мен «АТАК»-қа назар аударып, Нигерия үкіметінің «ATAK» әскери тікұшағы туралы келісімге келуі күтілгенін жазды.

Йени Шафак газеті «Түркияның автокөлік экспорты 9 айда 21 миллиард долларға өсті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның автокөлік экспорты жылдың 9 айында 2022 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 10,1 пайызға артып, 21 миллиард долларға жетті. Экспорттың басым бөлігі Германия, Ресей және АҚШ-қа жасалды.

Хүррийет газеті «Дениз Өнджү Австралияда бірінші орында» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «Red Bull» спортшысы Дениз Өнджү 2023 жылғы Moto3 әлем чемпионатының 16-шы жарысы болған Австралия Гран-приін бірінші орында аяқтады.



Ұқсас жаңалықтар