Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2049304
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Нақты шешім – тәуелсіз Палестина» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған аймақтағы актерлерді Израиль мен Хамас арасында бейбітшілік орнату үшін жауапкершілік алуға шақырды. Ердоған «Қазір Газа секторын аяусыз бомбалауда. Нақты шешім – бас қаласы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды жүзеге асыру» деді.

Стар газеті «Куртулмуш: Қақтығыстар палестиналықтарды елемейтін түсіністіктің нәтижесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Израиль мен Палестина топтары арасындағы қақтығыстарға қатысты «Бұл қақтығыстар 1948 жылдан бері жалғасып келе жатқан, тұрақты әділетсіздіктен нәр алған және 1967 жылдан кейін аннексиялар, оккупациялар және жаңа қоныстанушылармен палестиналықтарды елемейтін түсіністіктің шыңы болып табылады» деді.

Ватан газеті «Шимшек: Түркия – күшті бір экономика» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Израиль-Палестина соғысының Түркияға әсері қандай болады? деген сұраққа жауап қайтарды. Шимшек «Түркияның әлеуеті зор. Түркия адам басына шаққандағы ұлттық табысы 10 мың доллардан асатын әлемдегі 7 елдің бірі. Күшті бір экономикаға ие болғандықтан қызығушылық жоғары» деді.

Хабер түрік газеті «IMF Түркияның өсу болжамын арттырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық валюта қоры (IMF) биылғы жылы жаһандық экономикалық өсуді 3 пайыз деңгейінде сақтаса, келесі жылға болжамын 3 пайыздан 2,9 пайызға төмендетті. Мекеме Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын 3 пайыздан 4 пайызға, келесі жыл үшін 2,8 пайыздан 3,25 пайызға өзгертті.

Хүррийет газеті «ЕУРО-2032 чемпионатын  Түркия мен Италия қабылдады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы "УЕФА" тарихи қуанышты жаңалықты ресми түрде жариялады. Түркия мен Италия 2032 жылғы Еуропа футбол чемпионатын (EURO 2032) қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар