Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2034274
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған Құран кітапқа жасалған шабуылдарға наразылық көрсетті» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ Мұсылман Ұйымдары Кеңесі мүшелерін қабылданған президент Режеп Тайып Ердоған «қасиетті Құран кітапқа бағытталған шабуылдарды «сөз бостандығы» деген желеумен жасауға рұқсат етілуін қабылдамайтынымызды әрдайым тілге тиек еттік. Бұл өшпенділік пен жабайылықтың анық қылмысы» айтты.

Хүррийет газеті «Фидан: YPG террорын заңды бір күш ретінде көрсетуді тоқтату керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сириядағы Араб тайпалары мен лаңкестік ұйымдар арасындағы қақтығыстарға қатысты «YPG-нің аймақтағы арабтарға қысым көрсету саясатын тоқтату керек. YPG-ні заңды күш ретінде көрсетуді енді тоқтату керек. Біз көріп отырған қақтығыстар тек бастамасы ғана» деді.

Хабер түрік газеті «Вархели: ЕО-Түркия қарым-қатынастарын ілгерілете аламыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қараған Еурокомиссияның (ЕО) Көршілестік және кеңею жөніндегі комиссиясы мүшесі «Анкарада жаңа үкіметтің құрылуымен Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастарын жақсарта аламыз деп ойлаймын» деді.

Сабах газеті «HÜRJET түрік жұлдыздары акробаттық тобымен алғаш рет ұшты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жеңіл шабуыл, оқу және патрульдік қызметтерге қоса акробаттық ұшағы ретінде пайдалануға болатын «HÜRJET» түрік жұлдыздарымен алғашқы ұшуын жүзеге асырды.

Йенишафак газеті «Каппадокияға туристік ағын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның ең маңызды мәдени және туризм орталықтарының бірі деп есептелетін Каппадокия аймағындағы мұражайлар мен Пери мұржаларына 2023 жылдың алғашқы 8 айында 3 миллион 53 мың 827 жергілікті және шетелдік турист келді.

 



Ұқсас жаңалықтар