Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2031821
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Түркия іс-шаралармен атын шығарып жатыр» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Стамбулда сөйлеген сөзінде Түркияның әскери, дипломатиялық, экономикалық және саяси қадамдарымен атын шығарған ел екенін айтты.

Хабер Түрік газеті «Сыртқы істер министрі Фидан мен Ресей Сыртқы істер министрі Лавровтан ортақ мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Ресми кездесулер үшін кеше Ресейдің бас қаласы Мәскеуге барған Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Жиыннан кейін мәлімдеме жасаған министр Фидан Қаратеңіздегі астық бастамасы туралы «Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) еліміздің үлестерімен жаңа ұсыныс пакетін дайындады. Бұл біздің елдің қайта жандануы үшін қолайлы негіз деп ойлаймыз» десе, Лавроп та Ресейдің астық экспорттауымен қатысты батыстың уәдесінде  тұрмағанын білдірді. Лавров «БҰҰ-мен пакеттік келісімдегі шарттарымыз орындалғанда, біз астық келісіміне қайтамыз» деді.

Стар газеті «Түркияның өсу болжамы жоғарлады» деген хабарға орын берген.       Халықаралық несие рейтинг агенттігі (Moody's) Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын 2,6 пайыздан 4,2 пайызға және келер жыл үшін 2 пайыздан 3 пайызға көтерді.

Хүрриет газеті «Түркия экономикасы жылдың екінші тоқсанында 3,8 пайыз өсті» атты хабар жариялаған. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек 3,8 пайыздық екінші тоқсандағы өсу көрсеткіші туралы «Біз жүзеге асырған саясаттардың оң әсерлерін көре бастадық. Біз бұл әсерлердің тұрақты және түбегейлі болуы үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастырамыз» деді.

Ватан газеті «Түркия ЭЫДҰ-ның ең жылдам дамып келе жатқан екінші елі» деген хабарға орын берген. Түркия осы жылдың екінші тоқсанында 3,8 пайыздық өсіммен Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) елдері арасында екінші, G20 елдері арасында үшінші орынға ие болды.



Ұқсас жаңалықтар