Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2031290
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркияның өрлеуі жалғасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған «30 тамыз Жеңіс мерекесіне» орай Президенттік сарайда ұйымдастырылған шарада үн қатты. Түркияның аймақтағы дағдарыстардың шешуші күші екеніне назар аударған Ердоған «Күш-қуатын достарымен бөліскен Түркияның өрлеуі жалғасады» деді.

Хабер түрік газеті «Ердоғанның «KAAN»-мен байланысты мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған кеше Ұлттық Қорғаныс университеті Әскери академиясының диплом мен ту табыстау рәсімінде жасаған мәлімдемесінде «2023 жылдың соңына дейін «KAAN» отандық әскери ұшағымызды көгілдір аспанда көретін боламыз» деді.

Стар газеті «Түркия алғаш рет резерв ел болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Венгрия арасында қол қойылған келісім бойынша 2024 жылы еліне шамамен 300 миллион текше метр түрік табиғи газы жеткізілетінін атап көрсеткен Венгрия Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийярто «Түркия тек қана транзиттік ел емес, сонымен қатар алғаш рет резервтік ел болады» деді.

Ватан газеті «TEKNOFEST» толқыны Анкарада басталды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда әлемдегі ең үлкен авиация, ғарыш және технология фестивалі «TEKNOFEST» кеше бас қала Анкарада Республиканың 100 жылдығына орай технология және ғылым әуесқойларына есігін ашты.

Хүррийет газеті «Әйел волейболшылар жартылай финалда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы ширек финалда Польшаны 3-0 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.



Ұқсас жаңалықтар