Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2029126
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Министр Фидан: PKK вирусын Ирактан тазартамыз» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Террор дертінен құтылу үшін көп жұмыс істеуіміз керек. Біз Түркияда бұл мәселені түбегейлі шештік. Қазіргі уақытта PKK лаңкестік ұйымы Ирак жерінде жасырынып жатыр. Біз бұл вирусты Иракпен бірге тазартамыз» деді.

Сабах газеті «Түркия ортақ әскери жаттығуға наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Америка Құрама Штаттарының Сирияның солтүстігінде террор ұйымы PKK/YPG-мен бірге өткізген жаттығуына байланысты Ұлттық Қорғаныс министрлігінің  мәлімдемесінде «Дос және одақтас елдерден PKK/YPG террор ұйымына берілген көмекті тоқтатуды және терроризммен күресімізге шынайы қолдау беруді күтеміз» делінді.

Хүрриет газеті «Даниялық дипломат 5-ші рет Сыртқы істер министрлігіне шақырылды» деген хабарға орын берген. Мұсылман елдері елшіліктерінің алдында қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді өртеу әрекеті жалғасқаннан кейін Түркиядағы Дания елшілігінің уақытша сенімді өкілі қайтадан Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Стар газеті «БҰҰ жоғарғы лауазым иесі Түркия тілшісінің Кипр туралы сұрағына жауап бере алмады» атты хабар жариялаған. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Кипрдегі Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің Кипрдегі аралық аймақта жасаған бұзушылықтарына наразылық көрсетпеді. БҰҰ жоғарғы лауазым иесі Түркия тілшісінің «Солтүстік Кипр Түрік Республикасының гуманитарлық жоба болып табылатын «Пиле-Йигитлер йолы» жобасы құрылысы неге тосқауылға ұшырауда?» деген  сұрағына жауап бере алмады.

Хабер Түрік газеті «Түркия жарты жылда 4,8 миллиард доллар халықаралық инвестиция алды» деген хабарға орын берді. Осы жылдың алғашқы 6 айында Түркияға халықаралық тікелей инвестиция ағыны 4,8 миллиард долларды құрады. Алдағы 6 айда кемінде 7,1 миллиард доллар көлемінде қосымша инвестициялық капитал ағыны келеді деп болжануда.

 



Ұқсас жаңалықтар