Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2028656
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Қырымды аннексиялау заңсыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған «Қырым платформасы көшбасшыларының 3-ші саммитіне» бейне үндеу жолдады. Ердоған бейне үндеуінде Қырымның аннексиясын (Ресей тарапынан) мойындамайтын Түркияның бірінші күннен бастап бұл қадамның заңсыз екенін атап көрсеткенін айтып,  «Біз де Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігі жөніндегі ұстанымымызды сақтаймыз» деді.

Стар газеті  «Түркия әрқашан Кипр түріктерінің жанында» деген тақырып қолданған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі  төрағасы Нуман Куртулмуш «Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) тану және егемендік құқықтарына қатысты кипрлік түріктердің әрқашан жанында болады» деді.  Куртулмуш СКТР-ның халықаралық аренада мойындалуы үшін қарқынды жұмысты жалғастыратындарын білдірді.

Сабах газеті  «Американдық сарапшының таңғаларлық байқауы: Түркия ғаламның орталығында» деген хабарға орын берген. Америка Құрама Штаттарының маңызды талдау орталықтарының бірі «Heritage Foundation» сарапшысы Джеймс Карафано Түркияның Батыс Еуропа, Солтүстік Африка, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың тірегі екенін айтты. Ұлы державалар бәсекесінің басты майданы болып табылатын аймақтар орталығындаа», - деді ол.

Ватан газеті  «Стамбулда кеңсе рекорды жаңарды» деген тақырып қолданған. Стамбул кеңселер нарығындағы толылық деңгейі 84,9 пайызға өсіп, соңғы 10 жылдың рекордтық деңгейіне жетті. Стамбул халықаралық қаржы орталығының ашылмаған бөлімдері биыл аяқталады және нарыққа шамамен 1,5 миллион шаршы метр қосылады деп күтілуде.

Хүрриет газеті «Түрік туризм секторындағы өсім әлемді басып озады» деген хабар жариялаған. Түркия туризмдегі санаулы елдердің қатарында болуды жалғастырады. Түркия қонақүйшілері қауымдастығының (TÜROB) президенті Мүберра Эресин «Түркияның қызмет көрсету секторының, әсіресе орналастыру секторының сапасын бүкіл әлем біледі. Біз әртүрлілік тұрғысынан да маңызды нүктеде тұрмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар