Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2028175
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Халықаралық ұйымдар елімізге бет бұруда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған елді дамыту мақсатына ең кішкентай нұқсан келтірмей, макроэкономиканы күшейтетін бағдарламаларды жүзеге асырып жатқандарын білдірді. Ердоған «Сенім ахуалының арқасында халықаралық қаржы институттары 10 миллиардтаған ресурсты елімізге құя бастады» деді.

Сабах газеті «Түрік мердігерлері жаһандық бәсекеде көзге түседі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған түрік мердігерлерінің шетелде жүзеге асырған жобаларын көрген сайын мақтанғандарын айтты. Ердоған «Түркияның соңғы жылдардағы инфрақұрылымдық қадамы мердігерлерімізді жаһандық бәсекеде алға шығарды» деді.

Хабер түрік газеті «Фидан: БҰҰ бейтараптығын жоғалтты деп есептейміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бейбітшілік күштерінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы (СКТР) гуманитарлық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін Пиле-Йиғитлер жолының құрылысына араласуына наразылық көрсетіп, «БҰҰ бейтараптығын бұл оқиғада жоғалтты деп есептейміз. СКТР-ның заңды ұстанымын толығымен қолдаймыз» деді.

Стар газеті «АҚШ: Түркияның өсуін пайдалануымыз керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Израильмен дипломатиялық қарым-қатынастарына назар аударған АҚШ баспасөзі «АҚШ аймақтағы саяси және әскери күшін сақтап қалғысы келсе, Түркияның бұл өсуін пайдаланып, Түркиямен жақын қарым-қатынасты дамытуы керек» деді.

Йени Шафак газеті «Болгариядан Түркияның Еуроодаққа мүшелік процесіне қолдау» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Болгария Сыртқы істер министрі Габриэль Түркияның Еуроодаққа мүшелік процесі туралы «Болгария мүше ретінде Анкараның Еуропа жолындағы бұл бастамасын қолдайды» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар