Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2011192
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Әлем президент Ердоған туралы сөйлейді: НАТО саммитінің батыры» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Литваның бас қаласы Вильнюсте өткен НАТО саммитіне Президент Режеп Тайып Ердоған таңба қалдырды. Әлем баспасөзінде «НАТО саммитінің кейіпкері Түркия президенті», «Вильнюс: Ердоған абсолютті жеңімпаз» және «Ердоған нысандарына қарай жүгіретін шебер» деген тақырыптар қойылған.

Сабах газеті «Ердоған: Еуроодақ уәдесін орындаса, біз де қозғаламыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған НАТО Көшбасшылар саммитінен кейін елге оралғанда ұшақта жасаған мәлімдемесінде Түркияның Еуроодақ мүшелігімен байланысты «Түркия ретінде әрқашан берген уәделерімізді орындадық және бұдан кейін де орындаймыз. Біз екі жақты мүдделерді қорғау принцибімен жүргізілген келіссөздердің нақты нәтижелерін мүмкіндігінше тезірек көргіміз келеді. Осыдан кейін де берілген уәденің орындалуына қарай қозғалатын боламыз» деді.

Йени Шафак газеті «Түркияның әлемдік саудадағы үлесі тарихында алғаш рет 1 пайыздан асты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сауда министрі Өмер Болат Түркияның әлемдік саудадағы үлесінің тарихында алғаш рет 1 пайыздан асқанын мәлімдеді. Болат Түркияның 2023 жылдың бірінші тоқсанында экспортының 225,2 миллиард долларға жеткенін атап көрсетті.

Хабер түрік газеті «Зеугма текті қабір стеласы қайтарылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой Газиантепте Италиядан оралған қайтарып алынған Зеугма текті қабір стеласының тапсыру рәсіміне қатысты. Ерсой соңғы 20 жылда әртүрлі елдерден 12 мың 16 жәдігердің елге қайтарылуын қамтамасыз еткендерін айтты.

Хүррийет газеті «Стамбул Еуропаның сүйікті қалалары арасында 1-ші орында» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда АҚШ-тың "Travel+Leisure" туризм журналының оқырмандары тарапынан таңдалған Еуропаның 2023 жылғы 15 сүйікті қаласы тізімінде Стамбул 1-ші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар