Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

2009180
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған АҚШ президенті Байденмен сөйлесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Украинаның НАТО-дағы ұстанымы, Швецияның НАТО-ға мүшелігі, F-16 әскери ұшақтарының жеткізілімі және Түркияның Еуроодаққа толық мүшелік процесі талқыланды.

Сабах газеті «Ердоған: Түрік Қызыл жарты ай қоғамы зардап шеккен баршаға үміт болуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Түрік Қызыл жарты ай қоғамының кезектен тыс жалпы жиналысына жолдаған бейне үндеуінде «Түрік Қызыл жарты ай қоғамы еліміздің мақтанышы ретінде әлемнің түкпір-түкпірінде 155 жылдан бері гуманитарлық көмек көрсету жұмысын жүргізіп келеді. Түрік Қызыл жарты ай қоғамының символы, мемлекет пен ұлттың ұйытқысы болған «қызыл жарты ай» барша езілгендердің үмітін оятады» деді.

Йени Шафак газеті «Джевдет Йылмаз: Катар әмірі Санимен экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Вице-президент Джевдет Йылмаз Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек және Катар Әмірі Шейх Тамим ибн Хамед Әл-Танимен бас қосты. Йылмаз Санимен экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылағандарын атап «Біз қорғаныс өнеркәсібі мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді мақсат етіп отырмыз» деді.

Хабер түрік газеті «ЕО елдеріне автокөлік экспорты бірінші жартыжылдықта 20 пайызға өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Еуроодақ елдеріне автокөлік экспортын бірінші жартыжылдықта өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 20 пайыз арттырып, 11 миллиард 988 миллион 673 мың долларға жеткізді.

Стар газеті «ТӘЖ мен Стамбул әуежайының жетістігі Түркияны шыңға көтерді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы күніне орташа есеппен 738 ұшақ және 1 525 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай болды. Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) Еуропада ең көп ұшатын 3-ші әуе компания атанды. Түркия авиация саласына салған инвестицияларымен ұшақ қозғалысы мен жолаушы сыйымдылығы бойынша Еуропаның көшбасшысы болып сайланды.



Ұқсас жаңалықтар