Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1999540
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Түркияның Нахчыванмен байланысы нығая түседі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Әзербайжанда Зәнгезур дәлізінің Түркия-Әзербайжанның өзара қарым-қатынастарын нығайтуға үлес қосатынын атап көрсетті. Ердоған «Зеңгезүр мәселесін тез шешетін болсақ, бұл екі маңызды қадамды әкеледі. Әрі тас жол, әрі теміржол саласында басылатын қадамдар арқылы Ығдыр-Нахчиван байланысы күшейеді» деді.

Стар газеті «Әлиев: Түркия мен Әзербайжан бұдан былай сыртқы саясатта ортақ ұстаным көрсетеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев кеше мәлімдеме жасады. Әлиев мәлімдемесінде «Түркия мен Әзербайжан бұдан былай сыртқы саясатта ортақ ұстаным көрсетеді. Біздің Сыртқы саясаттағы бірлескен қызметіміздің өңір үшін де маңызы зор. Аймақтың дамуы, өркендеуі, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі тұрғысынан Түркия-Әзербайжан бірлігі факторы өте маңызды» деді.

Сабах газеті «Немістер TOGG зауытына таң қалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда неміс баспасөз қызметкерлері Түркияның отандық және ұлттық жобасы TOGG-пен Бурса Гемликтегі Технология қалашығында танысты. маңызды өндіріс орны ретінде жұмыс істеп жатқан Гемлик зауыты немістердің назарын аударды.

Йени Шафак газеті «ТӘЖ Техника мен Emirates арасында ұшақтарға техникалық қызмет көрсету келісімі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) Техникалық АҚ, Біріккен Араб Әмірліктері әуе компаниясы «Emirates»-пен флотындағы 17 Boeing 777 ұшағына базалық қызмет көрсету жөніндегі келісімге қол қойды.

Хабер түрік газеті «Сәуір айындағы сыртқы сауда индекстері жарияланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Статистика мекемесі сәуір айының сыртқы сауда индекстерін жариялады. Осыған сәйкес экспорт бірлігінің құн индексі сәуір айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайыз өсті.

 



Ұқсас жаңалықтар