Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1996989
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған Путин мен Зеленскийді бөгеттің қиратылуы оқиғасын тексеруге шақырды» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Телефон әңгімесі барысында Ердоған Украинадағы Каховка бөгетіндегі жарылысқа қатысты жан-жақты тергеудің күмән тудырмайтындай түрде жүргізілуі маңызды екенін мәлімдеді.

Стар газеті «Ресей: Ердоғанның мәлімдемелеріне назар аударамыз» деген хабар жариялаған. Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Түркиямен қарым-қатынаста президент Режеп Тайып Ердоғанның өзара тиімді көпжақты ынтымақтастықты дамыту ниеті туралы мәлімдемелеріне назар аударғандарын айтты.

Ватан газеті  Швеция туралы хабарға орын берген.  НАТО-ға мүше болғысы келген Швецияда терроризммен күрес жөніндегі жаңа заңның 1 маусымда күшіне енуімен Жоғарғы сот 35 жастағы PKK террористінің экстрадициялануына жақсы белгі берді.  Келесі айда өтетін НАТО саммитіне дейін Түркияның мақұлдауын күткен Стокгольм әкімшілігі экстрадиция үшін соңғы сөзді айтады.

Хүрриет газеті «Түркияда мұнай өндіруде 32 жылдың шыңы» деген хабарға орын берген. Түркиядағы соңғы мұнай жаңалықтары арқылы 32 жылдағы ең жоғары отандық күнделікті өндіріс деңгейіне қол жеткізілді.  Күнделікті мұнай өндіру 70 мың 76 баррельге жетті. Алда жыл соңына дейін өндіруді 90 мың баррельге жеткізу міндеті тұр.

Йени Шафак газеті  «Түрік әлемі Кастамонуда бас қосады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Түрік әлемі күндері» Кастамонуда 9-11 маусымда тойланады. Дәстүрлі Түрік әлемі күндерінде 23 елден көптеген өнерпаздың концерттері, ата-баба мұрасына байланысты іс-шаралар, би қойылымдары мен тамаша шоулар өтеді.

 



Ұқсас жаңалықтар