Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1995885
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Министр Яшар Гүлер: соңғы террористті залалсыздандырғанға дейін күресті жалғастырамыз» деген хабарға орын брген. Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер кеше жасаған мәлімдемесінде «Соңғы террористті залалсыздандырғанға дейін еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әр түрлі террор ұйымымен күресті жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.  

Хүрриет газеті «Министр Фидан: Маған көрсетілген сенім үшін рахмет» атты хабар жариялаған. Ұлттық барлау ұйымының басшысы лауазымынан Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Хакан Фидан кешегі міндет тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде ұлттық сыртқы саясатқа тоқталып, «Маған көрсетілген сенім үшін алғыс айтамын» деді.

Йени Шафак газеті  «Ибрахим Калын Ұлттық барлау ұйымының төрағасы болды» деген хабарға орын берген. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Ибрахим Калынның Ұлттық барлау ұйымының төрағасы болып тағайындалғанын хабарлады. Мәлімдемеде «Президентіміз Режеп Тайып Ердоған Ибрахим Калынды Ұлттық барлау ұйымының төрағасы етіп тағайындады» деп көрсетті.

Стар газеті  «Шахбаз Шериф: Біз Түркиямен бір денеде соққан екі жүрек сияқтымыз» атты хабар жариялаған. Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф Түркия мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастарға қатысты «Елдеріміз бір денеде  соққан екі жүрек іспетті» деді.  Шариф Пәкістан мен Түркияның жақын болашақта биогаз, күн энергиясы және су электр салаларына назар аударды. Шариф сауда-саттықты арттыру үшін ынтымақтастықты дамытатынын айтты.

Хабер Түрік газеті «Мамыр айындағы инфляция көрсеткіші жарияланды» деген хабарға орын берген. Мамыр айында жылдық инфляция 39,54 пайызды құрады. Осылайша, 7 ай қатарынан жылдық инфляцияның төмендеуі байқалды.



Ұқсас жаңалықтар