Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.
Хабар Түрік газеті «Президенттік сайлаудың екінші кезең соңғы нәтижелері жарияланды» деген хабарға орын берген. Жоғарғы сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Йенер 28 мамырда өткен президенттік сайлаудың екінші кезең соңғы нәтижелерін жариялады. Йенер президент болып сайланған Режеп Тайып Ердоғанның 52,18 пайыз дауысқа және Кемал Кылычдароғлудың 47,82 пайыз дауысқа жеткенін айтты.
Хүрриет газеті «Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Швецияға үн қатты» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швецияны Үштік меморандумнан туындаған міндеттемелерін орындауға және терроризммен күресте нақты қадамдар басуға шақырды.
Стар газеті «133 ел Түркия деді» деген хабарға орын берген. 2022 жылы түрік компанияларының шетелдегі мердігерлік жұмыстары 19,1 миллиард доллардан асты. Мердігерлік жұмыстар 133 түрлі елде жүргізілді. Ең көп бизнесі бар аймақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Еуропа болды.
Йени Шафак газеті «Сайлаудан кейін Ресейден Түркияға сұраныс өте көп» атты хабар жариялаған. Түркияда 28 мамырда өткен президенттік сайлаудан кейін Ресейден «Түркия турларына» сұраныс жоғары. Ресей туроператорлар қауымдастығы Түркиядағы сайлаудан кейін туристік сұраныстардың 50 пайызға артқанын хабарлады.
Сабах газеті «Анталияға туристер ағыны» деген хабарға орын берді. Түркияның туризм жәннаты атанған Анталияға туристер ағыны жалғасуда. Биыл қалаға әуе жолы арқылы келген турист саны 3 миллион 405 мың 458 адамға жетті.