Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1983051
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті  «Әлемнің назары Түркияда» деген хабарға орын берген. Түркиядағы 14 мамырдағы сайлауға қатты көңіл бөлген көптеген  теледидар мен газет жаңалықтарды оқырмандары және көрермендерімен сәт сайын бөлісуде. Неміс тіліндегі «Frankfurter Allgemeine» газеті «Франкфурт Бас консулдығының алдында үлкен тобыр» атты хабар жариялады. Хабарда «Президенттік сайлауға дауыс бергісі келетін түріктердің дауыс беруге деген жігері күшті» делінген.

Йени Шафак газеті «Дауыс беру жәшігіндегі Еуропа кедергісі» атты хабар жариялаған. Президент сайлауы мен Парламенттің жалпы сайлауы үшін дауыс беру процесі шетелдегі өкілдіктерде жалғасып жатқанда, Германия үкіметі қауіпсіздік сылтаумен 9 сайлау учаскесін тізімнен алып тастады. Данияда түрік азаматтары дауыс беретін жерге Исламды қорлайтын баннер ілінді. Францияның Марсель қаласында дауыс беруге барған азаматтарға шабуыл жасаған топтарға қауіпсіздік күштері араласпады.

Стар газеті  «Түркия астық келісіміндегі ең сенімді араағайын» деген хабарға орын берген. Венгрияның Сыртқы істер және Сауда министрі Петер Сийярто Ресей-Украина соғысындағы жалғыз араағайындық әрекетінің астық келісімі екеніне назар аударып «Сондықтан алдағы кезеңде де бейбітшілік келіссөздері үшін жағдай жасалғанда Түркияның маңызды рөл атқаруы керек деп ойлаймыз» деді.

Ватан газеті «Түркия үшін жаңа мұнай жайлы жақсы хабар» атты хабар жариялаған. Түрік мұнай корпорациясы Куди-Габар мұнайы туралы «Түркия құрлықтарда  осы уақытқа дейін жасалған ең үлкен жаңалық» деген мәлімдеме жасады. Кен орнындағы мұнай көлемінің шамамен 1 миллиард баррель екеніне назар аударылған мәлімдемеде «Куди-Габар аймағындағы жаңа барлау әлеуеті де жоғары» делінді.

Сабах газеті «Стамбул халықаралық қаржы орталығы болады» деген хабарға орын берген. Стамбул қаржы орталығының бас директоры Ахмет Ихсан Эрдем Стамбул халықаралық қаржы орталығының физикалық мүмкіндіктері жағынан өте заманауи және барлық қызметкерлер мен инвесторлардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын құрылымда салынғанын айтты. Стамбулдың жаһандық экономиканың жүрегі соққан жер екенін атап көрсеткен Эрдем «Стамбул халықаралық қаржы орталығы арқылы Стамбул әрі өз аймағында да, әрі әлемде  халықаралық қаржы орталығына айналады» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар