Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің тақырыптары.

1980566
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған: Біз ядролық қуаты бар елдер лигасындамыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Аккую Атом электр станциясының таза ядролық отын жеткізу рәсіміне тікелей эфир арқылы қатысты. Президент Ердоған мәлімдемесінде Түркияның ядролық қуаты бар елдер лигасына көтерілгенін айтты.

Сабах газеті «Путин: Түркия енді ядролық энергиясы бар ел болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей президенті Владимир Путин кеше Аккую Атом электр стансасында алғаш таза ядролық отынды жеткізу рәсімінде Түркияның енді ядролық энергиясы бар елге айналатынын және әлемдегі ең арзан энергетикалық көздердің бірі екенін білдірді.

Ватан газеті «Дөнмез: Нысана - Синоп пен Фракия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез кеше Мерсиндегі Аккую АЭС-тегі рәсімінің артынан жасаған мәлімдемесінде келесі Атом электр станциялары үшін Синоп пен Фракияға назар аударды.

Йени Шафак газеті «Министр Акардың Грекияға жолдауы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше жасаған мәлімдемеде Грекиямен проблемаларды заң шеңберінде шешуде шынайы және байсалды екендерін айтып, «Эгей теңізі «достық пен бейбітшілік теңізі» болсын, байлық әділ бөлісілсін» деді.

Стар газеті «ТӘЖ APEX-тен екі марапатқа ие болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) жоғары қызмет көрсету стандартымен әлемдегі ең сенімді және абыройлы авиация ұйымдарының бірі деп есептелетін «Әуе жолдарының жолаушылар тәжірибесі қауымдастығының» (APEX) Еуропаның «Үздік ойын-сауық» және Еуропаның «Үздік тағам және сусын» жүлдесімен марапатталды.



Ұқсас жаңалықтар