Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1970904
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Президент Ердоғаннан Израильге наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде Израиль әскерлерінің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылдары туралы «Түркия шабуылдар алдында үнсіз қалмайды. Әл-Ақса мешітіне қол созу, Әл-Харам мешітінің қасиеттілігін аяққа таптау – біздің қызыл сызығымыз» деді.

Сабах газеті «Түркия әуе кеңістігін жапты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ирактың Сүлейманийе қаласында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның лаңкестік әрекеттерін арттыруы және террор ұйымының әуежайға ықпал етуі себепті Түркия әуе кеңістігін Сүлейманийеге қонып/ұшатын ұшақтарға жапты.

Хүррийет газеті «Министр Чавушоғлунан өте нақты «Швеция» хабарламасы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде Швецияның НАТО мүшелігіне қатысты нақты мәлімдеме жасады. Чавушоғлу «Ашық түрде PKK-ның үгіт-насихаты жүргізілуде. Швецияның оларды тоқтатуы керек. Террористерді ұстап беру туралы нақты қадамдарды көргіміз келеді» деді.

Йени Шафак газеті «Ішкі істер министрлігі: 80 террорист залалсыздандырылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрлігінен кеше жасалған мәлімдеме бойынша ішкі қауіпсіздік операциялары аясында наурыз айында 4-і жоғары лауазымды,  барлығы 80 террористтің залалсыздандырылғаны жарияланды.

Хабер түрік газеті «Ресейлік ғарышкер Анталияның ғарыштан түсірілген фотосуретін жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орыс ғарышкері Олег Артемьев «керемет жылы қала» деген хабармен Анталияның ғарыштан түсірілген фотосуретін бөлісті. Артемьев әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған  мәлімдемеде Жерорта теңізі жағалауында және Түркияның оңтүстігінде қонақжай бір демалыс қаласы бар екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар