Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1941044
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Құранды өртеу мен жыртуға рұқсат берген сайын Швецияның НАТО мүшелігіне «мақұл» демейтіндерін айтты. Ердоған кешегі мәлімдемесінде "Финляндияға көзқарасымыз оң, бірақ Швецияға көзқарасымыз болымды емес. Мұны да біліңіз" деді.

Хабер Түрік газеті Министр Чавушоғлуның хабарламасына орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше жасаған мәлімдемесінде «Швеция мен Финляндияның НАТО үдерісіне байланысты Швециядан нақты қадам көрмедік, Түркияның қауіпсіздік уайымдарына түсінушілікпен қарауын күтеміз. Финляндияның мүшелегіне байланысты НАТО үштік меморандумды бөліп қарайтын болса,  онда Түркия болымды көзқарас білдіреді» деді.

Сабах газеті «Министр Акар: Біз шабуылдарға еселеп жауап беріп отырмыз» деген хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирактың солтүстігіндегі әскери база аймағына жасалған шабуылға байланысты «Ауық-ауық шабуылдар болып тұрады және біз әрқашан оларға уақытында және еселеп жауап беріп отырмыз» деді.

Стар газеті Бельгияның мемлекеттік арнасының сөздеріне орын берген. Бельгияның мемлекеттік арнасы «RTBF» Түркия туралы назар аударарлық хабар жариялады. Хабарда президент Режеп Тайып Ердоғанның әсіресе халықаралық аренада маңызды теңгерімді қадамдар басқаны айтыды.  Президент Ердоғанның басқа еуропалық басшылар жасай алмаған нәрсені тындырғаны баса айтылды.

Хүрриет газеті «Анталия туризмінде қаңтар рекорды» деген тақырыппен хабар жариялаған. Түркияның «туризм астанасы» атанған Анталияда 2023 жылдың бірінші айында рекорд жаңарды. Анталияға қаңтар айында әуе қатынасы арқылы келген турист саны өткен жылмен салыстырғанда 58 пайыз артып, 291 мың 647 адамға жетті.



Ұқсас жаңалықтар