Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1923587
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Акар: Француздарды өздері баққан жылан шаға бастады» деген тақырып қолданған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Францияның астанасы Парижде болған шабуылдан кейін террор ұйымы жақтастарының наразылықтарына қатысты «Француздарды  Француздарды өздері баққан жылан шаға бастады» деді.

Хүрриет газеті  «Францияға реакция» деген хабарға орын берген. Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Twitter парақшасында бөліскен хабарламасында PKK террористерінің Париж көшелерін өртегенін білдіріп, Францияға «Әлі де үндемей отырасыз ба?» деп сұрады. Әділет және даму партиясы баспасөз хатшысы Өмер Челик «Террор ұйымдарын қорғап қолдағандар терроризммен бетпе-бет келді» деді.

Сабах газеті «Ұлттық лазерлік жүйе «ALKA»  дәл соққымен ұрды» деген хабар жариялаған. «Roketsan» компаниясы әзірлеген отандық және ұлттық «ALKA» бағытталған энергетикалық қару жүйесі сынақтар кезінде нысананы толық дәлдікпен жойды.

Хабер Түрік газеті  «Астық дәлізінде 15 миллион тоннадан артық астық тасымалданды» деген хабар жариялаған.  Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу 1 тамыз - 25 желтоқсан аралығында Украина порттарынан барлығы 585 кеменің шыққанын айтып, «Тасымалданған жүктің жалпы көлемі 15 миллион 80 мың тоннадан асты» деді.

Ватан газеті «2022 жылы 119 817 иммигрант депортацияланды» деген тақырып қолданған. Ішкі істер министрлігі Көші-қон басқармасы басқармасы 2022 жылы 274 311 заңсыз мигранттың Түркияға кіруіне тосқауыл қойылғанын және депортацияланған заңсыз мигрант санының 119 817-ге жеткенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар