Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1915776
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Енді өз шешімін қабылдайтын Түркия бар» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның қазір саясат пен экономикада өз бетінше шешім қабылдайтын ел екенін түсіндіріп «Экспорт өсті. Өсу басталды. Қазір Түркия әлемдегі ең көп өсіп келе жатқан 3 елдің арасында алғашқы 5-те орын алуда» деді.

Йени Шафак газеті «Ердоған Еуропаның ең күшті саяси көшбасшысы» атты хабар жариялаған. «Burson Cohn and Wolfe» компаниясына тиесілі цифрлық дипломатияны зерттеу тобы «Twiplomacy» тарапынан жүргізілген зерттеу бойынша президент Ердоғанның профилі 2022 жылы 2 сатыға көтеріліп, әлемдегі ең қуатты үшінші Twitter аккаунты болды. Осылайша Ердоған Еуропаның ең қуатты саяси көшбасшысы деген атағын да сақтап қалды.

Ватан газеті «Ердоған: Түркия мен Әзірбайжанды ешкім ажырата алмайды» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған «Бауырлас ел»  атты Әзербайжан-Түркия бірлескен оқу-жаттығуының сәтті аяқталғаннан кейін телефон арқылы екі елдің армия қызметкерлерін құттықтады. Ердоған  «Бізді бір-бірімізден ешкім ажырата алмайды» деді.

Стар газеті «Әзербайжан түрік армиясына үлгі болды» атты хабарға орын берген. Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов Түрік Қарулы Күштерінің  әлемдегі алдыңғы қатардағы армиялардың бірі екенін атап өтіп, Әзербайжан армиясының түрік армиясынан үлгі алғанын  айтты.

Сабах газеті «Чавушоғлу Грекияға наразылық көрсетті» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекияның қарусыздандырылған аралдардың мәртебесін бұзуын тоқтатуы керектігін айтты. Чавушоғлу «Грекия келісімдерге бағынады немесе біз өз білгінімізді істейміз» деді



Ұқсас жаңалықтар