Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1913799
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған инвесторларға үндеу тастады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның экономикада дұрыс бағытта ілгерлеп келе жатқанын айтты. Ердоған «Жаңа жарияланған 2022 жылдың үшінші тоқсанындағы өсу көрсеткіштері біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың соңғы белгісі. «Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тараптарға «Келіңіз, бірге табысқа жетейік» дейміз. Өндіру, жұмысқа орналастыру, экспорттау арқылы елімізге үлес қосқысы келетіндердің барлығына бірдей шақыру тастаймыз» деп көрсетті.

Ватан газеті  «Ұлттық қауіпсіздік кеңесінен құрлық операциясы жайлы мәлімдеме жасалды» атты хабар жариялаған. Президент Ердоғанның төрағалығымен Президенттік кешенде өткен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысынан кейін жасалған мәлімдемеде «Өңірімізде ешқандай  бір лаңкестік ұйымның болуы және әрекет жасауына жол берілмейтіні, сондай-ақ барлық қажетті қадамның табанды түрде басылатыны баса айтылды» делінді.

Хабер Түрік газеті «Акар одақтастарға PKK/KCK/YPG жайлы  ескерту жасады» атты хабарға орын берген. Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/YPG-нің бейбіт тұрғындарға жасаған соңғы шабуылдарын еске салып, «Одақтас елдердің  шекарамызға және халқымызға қандай да бір себеппен, соның ішінде ДАИШ-пен күресу сылтауымен шабуыл жасаған қанды террор ұйымы PKK/KCK/YPG-ге қолдау көсетуіне қарсымыз. Осыған орай қажетті ескерту жасалуда» деді.

Йени Шафак газеті «АҚШ шегінді, PKK қашып жатыр» деген хабар жариялаған. Түркияның Сирияның солтүстігіне ықтимал құрлық операциясынан бұрын Америка Құрама Штаттары «SDG» деп атаған террор ұйымымен патрульдік қызметін азайтты. Аймақтағы америкалық дипломаттар мен азаматтық қызметкерлер  Ирактың Эрбиль қаласына өтті. PKK-дағы ыдырау күшейген кезде топ басшылары ұйымның ақшасын ұрлап, қаша бастады.

Стар газеті «НАТО Түркиямен ғана мықты болуда» атты хабарға орын берген. Түркия президенті Ердоғанның басшылығында Украина соғысында Ресей мен Батыс елдері арасында жүзеге асырған дипломатиясын Америкада шығатын «Foreign Policy» журналы талқылады. Журнал еуропалық және америкалық саясаткерлердің НАТО-ның Түркиямен ғана мықты тұрғаны  жайлы келіскенін жазған.



Ұқсас жаңалықтар