Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1907452
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Макрон: Ердоған өте белсенді рөл атқарады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Франция президенті Эммануэль Макрон президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресеймен бейбіт келіссөздерде «өте белсенді» рөл атқарғанын мәлімдеді. Макрон Стамбулдағы астық келісімінің жүзеге асуының арқасында азық-түлік бағасының арзандағанын тілге тиек етті. Француз басшы «Астық келісімін осы аптаның соңында міндетті түрде жаңарту керек» деді.

Хүррийет газеті «Истиклал көшесіндегі терроризмге қарсы бірлік жолдауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Cтамбулдағы Истиклал көшесінде 13 қараша күні орын алған террор шабуылына қарсы жауап ретінде «Бірлік пен ынтымақтастық» шеруі өтті. Шабуыл орын алған жерге қарай ұйымдастырылған шеруде 40 бөлек елдің бас консулдары, діни қауымдастықтардың басшылары, үкіметтік емес қоғамдардың өкілдері және азаматтар террорға қарсы наразылық көрсетті. Консулдықтар мен діни қауымдастықтардың басшылары террор әрекетін айыптап, бірлікке шақырды.

Йени Шафак газеті «Швециядан PKK-ға қарсы жаңа қадам» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Швеция парламенті мақұлдаған, терроризмге қарсы заңдарды жіті қадағалайтын атазаң өзгерістерін қабылдады. Аталмыш өзгеріспен бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшелеріне қатысты қылмыстық істерді жеңілдететін жол ашқаны айтылды.

Ватан газеті «Француздардан «Байрактар TB2»-ге мақтау» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Таулы Қарабах, Ливия және Украинада үлкен табысқа қол жеткізген отандық қарулы пилотсыз әуе көліктері бүкіл әлемде күн тәртібіне айналды. Соңғы рет француздар «Байрактар TB2»-ді мақтады. Атақты радио және теледидар желісі «France info» хабарында "Бұл дрондар Түркияны әлемнің көптеген жерлерінде таптырмас бір жеткізушіге айналдырады" делінді.

Хабертүрік газеті «Анталияда тұрғын үйлерге шетелдіктер үлкен қызығушылық танытты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қазан айында Анталияда 6 мың 323 үй сатылды. Бұл тұрғын үйлердің 33,58 пайызын (2 мың 123 дана) шетелдіктер сатып алған. Анталиядағы 3 тұрғын үйдің бірі шетелдіктерге сатылды. Шетелдіктерге ең көп тұрғын үй саудалаған қалалар тізімінде Мерсин, Ялова және Стамбул орын алады.



Ұқсас жаңалықтар