Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1899002
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Акар Палеситна мәселесіне тоқталды» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияға ресми сапармен келген Израиль Қорғаныс министрі Беньямин Ганцпен кездесті. Акар «Біз сезімталдығымызды білдірдік. Ынтымақтастық пен диалогымызды арттыру, әсіресе Палестина мәселесінде келіспеушілік тудырған мәселелердің шешілуін де жеңілдетеді» деді.

Стар газеті «Польша «Bayraktar»-ға қызығушылық көрсетуде» атты хабар жариялаған. Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блашчак ұшқышсыз әке аппараты «Bayraktar TB2» құралының бейнежазбасын Twitter парақшасында бөлісіп, «Олар келе жатыр» деген сөзді қолданды.

Хүрриет газеті «Газпром төрағасы Түркия жайлы мәлімдеме жасады» деген хабар жариялаған. Газпром Басқару алқасының төрағасы Виктор Зубков Түркияда құрылуы жоспарланған табиғи газ орталығының Ресей мен Түркияның, Әзірбайжан мен Еуропаның мүддесі үшін пайдалы екенін айтты.

Хабер Түрік газеті «Түркия 9 айда 40 миллион 246 мың 899 туристті күтіп алды» атты хабарға орын берген. Түркия жылдың 9 айлық кезеңінде 40 миллион 246 мың 899 қонақты қабылдады, жалпы туризм кірісі 35 миллиард 28 миллион 540 мың доллар болды.

Сабах газеті «THY әлемдік деңгейдегі марапатты тағы жеңіп алды» деген хабар жариялаған. Түрік Әуе Жолдары (THY) 2023 жылғы APEX ресми әуе жолдары рейтингінде екі марапатқа ие болды.



Ұқсас жаңалықтар