Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1898378
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғанның “Түркияның ғасыры ” жайлы мәлімдемесі» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында Түркияның ғасыры туралы видео бөлісті. Бөлісуде ішкі түгендеу қозғалысы арқылы Түрік Қарулы Күштерінің соңғы 20 жылда 70 пайыздан астам ұлттық қорғаныс жүйелерімен жабдықталғанына назар аударылды.

Ватан газеті «Ердоған Швеция премьер-министрімен кездесті» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған Швецияның жаңа премьер-министрі Ульф Кристерссонмен телефон арқылы сөйлескен кезде өзін Анкарада қабылдауға қуанышты болатынын білдірді. Кристерссонның 19 қазан күні өзіне жолдаған хатына тоқталған Ердоған Швеция үкіметімен екі жақты қарым-қатынастарды әр салада алға жылжытуға дайын екендіктерін білдірді.

Йени Шафак газеті «Грекия баспасөзінде Ердоған жайлы  ​​ талдау» деген хабарға орын берген. Грекияның «Та Неа» газеті «Түркия Шығыс пен Батыс арасында қалай тепе-теңдік орнатуға тырысуда?» атты хабар жариялаған. Хабарда «Президент Ердоған Түркияны жаңа достар табуға еркін тәуелсіз алпауыт күш ретінде біртіндеп қайта құрды» деген сөздерге орын берді. Түркияның ықпал аймағын кеңейткеніне назар аударылған хабарда «Ердоған Африка мен Латын Америкасында ондаған дипломатиялық өкілдік ашты» делінді.

Хүрриет газеті  «Столтенберг: Мен жақын арада Түркияға барамын» атты хабар жариялаған. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг жақын уақытта Түркияға келетінін мәлімдеді. Столтенберг мәлімдемесінде «Түркия, Финляндия және Швецияның үш жақты келісім аясында жұмыс істеуіне қуаныштымыз. Біз жақын одақтасымыз Түркиямен қатар Финляндия және Швециямен байланыстамыз. Жақын арада Түркияға барамын» деп көрсетті.

Стар газеті «Ұлыбритания Түркияға соғыс ұшақтарын сатуды ойлауда» деген хабарға орын берген. Стамбулдағы SAHA EXPO 2022 жәрмеңкесіне барған Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллес Ұлыбританияның Түркияға «Eurofigter Typhoon» жойғыш ұшақтарын сатуды қарастырып жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар