Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1874422
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Бізге дұшпандық жасайтындардың дертіміз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс университеті Әскери-теңіз және әуе әскери колледжінің дипломдарын тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент Ердоған «Біз қазір қарулы және қарусыз пилотсыз әуе көліктері (Шабуылдаушы пилотсыз әуе көлігі) және «Акынджы» әуе көлігімен бармыз. Осы қару-жарақтың барлығымен бүкіл әлемде бізге дұшпандық жасайтындардың дертіміз» деді.

Хүррийет газеті «Түркия S-300 қысымын НАТО-ға жасайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекияның Эгей теңізінде қызметін атқарып ұшатын түрік әскери ұшақтарына жасаған қысымы НАТО-ға жеткізіледі. Түркия радар жазбаларын одақ елдерінің министрліктеріне жібереді.

Хабертүрік газеті «Түркия ЕЭЫДҰ және Үлкен жиырмалық елдері арасында ең жоғары өсімге ие екінші ел болды» атты хабар жариялаған.

Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Нуреттин Небати жылдың екінші ширегінде 7,6 пайыз өскен Түркия экономикасының мәліметтері жарияланған Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мен ең үлкен 20 экономикалық (Үлкен жиырмалық) ел арасында ең жоғары өсу тіркелген екінші ел екенін атап көрсетті.

Йени Шафак газеті «Bloomberg ұсынған маңызды талдау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның өсіп келе жатқан экономикасы әлем назарынан тыс қалмайды. «The Economist» журналының бағалауынан кейін назар аударатын тағы бір талдау медиа мекемесі Bloomberg-тен келді. Түрік экономикасының еш нәрсеге қарамастан рельстен шықпағанын білдірген Bloomberg президент Режеп Тайып Ердоғанның «экспорт, өндіріс, жұмыспен қамту» хабарламасын еске салып, Түркияның Үлкен жиырмалық елдерінің өсу қарқынынан асып түскеніне назар аударды.

Ватан газеті «TOGG наурыз айында нарыққа шығады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркияның автокөлігі «TOOG»-тың наурыз айында жолға шығатынын айтты. Бурсаның Гемлик ауданында салынып жатқан зауыттың 29 қазан күні ашылатынын жариялаған Варанк «C класстағы SUV» моделі көліктің бірдей класста қозғалтқышы іштен жанатын көліктермен бәсекеге түсетінін және сол бағамен шығатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар