Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1871767
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Израильмен басылған қадамдар Палестина мәселесіндегі ұстанымымызды өзгертпейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Палестина басшысы Махмуд Аббаспен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Ердоған «Израильмен қарым-қатынасымызда басылған қадамдар Палестина мәселесіне қолдауымызды ешбір жағдайда азайтпайды» деді.

Йени Шафак газеті «Грекияның түрік F-16 ұшақтарын қудалауы: Тиісті жауап қайтарылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігінің дереккөздері Жерорта теңізінің шығысында НАТО қызметін атқаратын түрік әскери ұшақтарының радарларын НАТО мүшесі Грекияның F-16 әскери ұшақтары құлыптады. Грекияға қажетті жауаптың қайтарылып, әскери ұшақтардың әуе кеңістігінен шығарылғаны хабарланды.

Сабах газеті «Акар Остинмен сөйлесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Джеймс Остин телефон арқылы сөйлесті. Екі министр қорғаныс және қауіпсіздік мәселелеріне қоса әсіресе Украинадағы оқиғалар, террормен күрес және F-16 әскери ұшағын сатып алу туралы ақпарат пен пікір алмасты.

Хабертүрік газеті «Рассел Кроудың ‘Түркияға барыңдар’ шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Рассел Кроу Твиттердегі аккаунтынан үн қатты. Түркияны мақтаған «Оскар» сыйлығының иегері актер «Қандай тартымды және әдемі ел... Түркияға ешқашан бармаған болсаңыз, шынымен баруды жоспарлаңыз» деді.

Стар газеті «Ағылшындар Түркияны таңдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия туризмде жаңа рекордтар жаңартуда. Мәдениет және туризм министрлігі жариялаған мәліметке қарағанда Түркияға келген ағылшын турист саны өткен жылмен салыстырғанда 21 есе артып, 1 миллион 810 мыңнан асты.



Ұқсас жаңалықтар