Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1861918
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Министр Чавушоғлу: Шиеленісті азайту үшін өз үлесімізді қосуға дайынбыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сербия-Косово шекарасындағы шиеленіске байланысты әлеуметтік медиа парақшасынан мәлімдеме жасады. Чавушоғлу «Сербия-Косово шекарасындағы шиеленіске байланысты сербиялық және косоволық әріптестеріммен әңгімелестім. Түркия Балқан елдерінің тыныштығы мен тұрақтылығына әрдайым мән береді. Жаңа шиеленіс ешкімге пайда әкелмеді. Шиеленісті азайту үшін өз үлесімізді қосуға дайынбыз» деді.

Стар газеті «Түркия теңізде даңқын шығарады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк пилотсыз теңіз көлігі саласында әлемдік трендтің жаңа ғана басталғанын атап «Егер біз Түркия ретінде пилотсыз әуе көліктеріндегі сияқты бір жылдамдық көрсете алсақ, әлемде ең көп сұранысқа ие елдердің біріне айналамыз» деді.

Сабах газеті «Иранға көмекке жүк ұшағы жіберілді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі кеше жасаған мәлімдемесінде Түркияның су тасқыны болған Иранға жүк ұшағымен көмек жібергені хабарланды.

Ватан газеті «Togg жолға шығады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның автокөлік кәсіпорындары тобы (Togg) лауазымдысы Мехмет Гюрджан Каракаш Togg-тың 2023 жылдың бірінші тоқсанында Түркияда, ал 18 айдан кейін болса Еуропада жолға шығатынын айтты.

Йени Шафак газеті «Топрак Разгатлыоғлу Чехияда бірінші орын алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық мотоциклші Топрак Разгатлыоғлу Чехияда өткен Бүкіләлемдік Superbike чемпионаты бойынша жарыс жалауынан  бірінші болып өтті. Осы нәтижемен Топрак Бүкіләлемдік Superbike чемпионатындағы екінші жарысында жеңіске жетті.



Ұқсас жаңалықтар