Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1858909
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Ердоған: Грекия Лозаннаны бұзуға тарысуда» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның құрлық шекараларының 99 жыл бұрын қол қойылған Лозанна бітім шартымен сызылғанын, Грекияда қалған түрік азсандыларының  құқықтарының қамтамасыз етілгенін және түрік жағалауларына жақын грек аралдарының әскери емес мәртебесінің белгіленгенін түсіндірді. Ердоған «Алайда соңғы кезеңде, әсіресе түрік азсандыларының құқықтары келісімде белгіленген шарттар Грекия тарапынан елеусіз қалды немесе әдейі бұзылды. Мұны біздің елдің қабылдауы мүмкін емес» деген сөздер қолданды.

Сабах газеті «Түркия маңызды ел» атты хабар жариялаған. Президент Ердоған 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына тоқталып «Біз солтүстіктегі соғыста диалог жолдарын ашық ұстайтын және дәнді дақылдар келісіміндегідей мүмкіндіктің барынша ынтымақтастықты жүзеге асыратын маңызды елміз» деді. Ердоған «Бізге сенім артқан дос елдердің қиын-қыстау кездерінде жанында болып, олардың көңілін қалдырмадық» деді.

Ватан газеті «Дәнді дақылдар дәлізіндегі Түркияға маңызды миссия жүктелді» атты хабарға орын берілген. 22 шілдеде қол қойылған Қаратеңіз арқылы Украинаға астық жөнелту туралы келісімнен кейін Стамбулда операциялық орталық құрылады. Орталықты бір түрік адмиралы басқарады. Украиндар мен орыстар бөлек бөлмелерде жұмыс істейтін болады. Бұл әлемге шамамен 20 миллион тонна астықты жөнелтуге жол ашады.

Йени Шафак газеті «Айя-София екі жыл ішінде 6,5 миллионнан астам қонақты қабылдады» деген хабар жариялаған. Стамбул жеңісіне дейін 916 жыл шіркеу, 1453 жылдан бері мешіт ретінде пайдаланылған Айя-София 1934 жылы қабылданған шешіммен 86 жыл мұражай ретінде  қызметін атқарды. 2020 жылы 10 шілдеде қабылданған шешіммен мешітке айналған Айя-София Кебир мешіті-и Шерифи 2020 жылдың 24 шілдесінде алғашқы жұма намазымен ғибадатқа  ашылды.2 жыл бұрын ғибадат ету үшін ашылған Айя-София 6,5 миллионнан астам адамды қабылдады.

Хүрриет газеті «Түркия IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалуда» атты хабарға орын берген. Әлемдегі ең ірі дәстүрлі спорт ұйымына айналған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дәстүрлі спорт түрлерінің Олимпиадасына айналды. 9 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Бурса Изник ​​қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам елден 3000 спортшы қатысады.



Ұқсас жаңалықтар