Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1850164
Түрік баспасөзіне шолу

 

Сабах газеті Ердоған мен Байден кездесуіне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Испанияның бас қаласы Мадридте НАТО саммиті шеңберінде Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденмен кездесті.  Ердоған кездесу басталмастан бұрын сөйлеген сөзінде «НАТО-ның нығаюына бағытталған қадамдар әсіресе Украина-Ресей бейбітшілік процесіне ерекше үлес қосады» деді. Президент Ердоған айырықша дақыл дәлізіне байланысты «Теңгерім саясаты арқылы процесті шешуге талпынып жатырмыз» деді.

Хүрриет газеті «Мадридтегі НАТО Саммиті: екі елге НАТО шақыруы. Түркияға алғыс» атты хабарға орын берген.  Испанияның бас қаласы Мадридте өткен НАТО-ның 32-ші саммитінен кейін жарияланған ортақ декларацияда «Бүгін Финляндия мен Швецияны НАТО-ға мүше болуға шақыруға және қосылу хаттамаларына қол қоюға шешім бердік» деп айтылды.  НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг саммиттен кейін Түркияға алғыс айтты және «Осы келісім Түркия үшін де,  Швеция және Финляндия үшін де орынды келісім» деді.

Стар газеті «Түркияның табысы күн тәртіпте» деген хабар жариялаған.  Түркия табанды ұстанымынан шегінбеді.  Мадридте Финляндия және Швециямен қол қойылған «Үштік хаттамада» нақты жетістіктерге қол жеткізді.  Хаттама әлем баспасөзінде кеңінен орын алды.  Процесті жақыннан бақылаған әлем баспасөзі Түркияның «қалағанына қол жеткізгенін» жазды.  «The Economist» журналы Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО мүшелегіне қойған кедергісін алып тастағанын жазды, «Режеп Тайып Ердоған үйіне жеңіспен оралады» деген сөзді қолданды.

 Ватан газеті «НАТО-дан Түркияға маңызды міндет» деген хабар жариялаған. НАТО бір жыл бойы жалғасатын бір міндетті Түркияға берді. НАТО-ның мина соғысына бағытталған теңіз операциялары және оқу-ағарту істеріне жауапты НАТО Минаға қарсы шараларының тұрақты теңіз міндеті-2-нің басшылығын бір жыл бойы Түркия атқарады.

Йени Шафак газеті «Стамбул мамыр айында рекорд жаңартты» деген хабар жариялаған.  Стамбул қаласына мамыр айында 1 миллион 402 мың 366 шетелдік турист келді.  Қала соңғы 33 айдың ең көп туристіне есігін ашты.



Ұқсас жаңалықтар