Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1849596
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия қалағанына қол жеткізді: Финляндия мен Швеция террор ұйымдарына қолдау бермейді» деген хабарға орын берген. Мадридте өткен төрттік саммиттен кейін Түркия, Швеция және Финляндия арасындағы Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелік үдерістері туралы үштік меморандумға сыртқы істер министрлері қол қойды. Ортақ хаттамада «PKK-мен күрес және оның кеңеюінде Түркиямен толық ынтымақтастық», «PYD/YPG және ФЕТО-ға қолдау көрсетпеу міндеттемесі» және «Террорист қылмыскерлерді экстрадициялауда нақты қадамдар жасау және екі жақты келісім-шарттар жасау» тақырыптары маңызды бабтар арасында орын алды.

Стар газеті «Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет президент Ердоғанға ерекше алғыс айтты» атты хабар жариялаған. Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет «Президент Режеп Тайып Ердоған мен оның орынбасарларына Түркиядағы израильдіктердің нысанаға алынуының алдын алудағы ынтымақтастығы үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді» деп көрсетті.

Ватан газеті «Республика тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті» атты хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде жасаған мәлімдемесінде «2022 жылы мамыр айында экспортымыз жылдық есеп бойынша 242,6 миллиард доллармен республика тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті» деген сөздер қолданды.

Хабер Түрік газеті «Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Шанлыурфаны 2023 жылғы туристік қала ретінде таңдады» деген хабар жариялаған. Әзірбайжанда өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 11-ші Туризм министрлері конференциясында Шанлыурфа 2023 жылдың туризм астанасы болып таңдалды.

Йени Шфак газеті «Түрік әуе жолдары тұрақтылық сыйлығымен марапатталды» атты хабарға орын берген. Түрік әуе жолдары халықаралық қаржы әлеміндегі беделді мекемелердің бірі «World Finance» тарапынан «Ең тұрақты туды тасымалдаушы» номинациясында «2022 жылғы тұрақты даму сыйлығына» лайық деп танылды.



Ұқсас жаңалықтар