Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1843644
Түрік баспасөзіне шолу

 

Ватан газеті «Президент Ердоған сүйінші берді» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда,  президент Режеп Тайып Ердоған «Türksat 5B серігін қызметке алу» рәсімінде «Отандық және ұлттық бақылау серігі İmece-ні қаңтар айында, Türksat 6A серігін де 2023 жылдың ортасында ұшырамыз.  Осылайша ғарыштағы жер серігі санымыз 10-ға жетеді» деді.

Хүрриет газеті «Акардан грек парламентарларға наразылық» деген хабар жариялаған.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар НАТО Парламенттік ассамблеясы жиналысында Түркияға қарсы сөйлеген грек парламентарларға нарызылық білдірді.  «Егер сіз біз күресіп жатқан,  халқымызға зиян келтірген, 40 мың адамды өлтірген PKK/YPG-ге, 251 адамды қырған ФЕТО-ға лагерьлеріңізде орын берсеңіз, оның аты одақтас болмайды. Бұл достыққа жатпайды.  Бұл одақтастыққа да зиян келтіреді» деді ол.

Сабах газеті министр Варанктың сөздеріне орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк «2021 жылы 300-ден астам бастама барлығы 1,5 миллиард доллардан астам инвестиция алып, рекорд жасады.  Биылғы алғашқы тоқсанда барлығы 1 миллиарл 273 миллион долларлық инвестициямен Еуропада ең жоғары лигаға көтерілдік» деді.

Стар газеті экономика хабарына орын берген.  Халықаралық несие бағаландыру мекемесі Fitch Ratings маусым айында биылғы күтілгеннен де жақсы перформанс көрсеткен түрік экономикасының биыл 4,5 пайыз, 2023 жылы 3 және 2024 жылы 2,9 пайыз өсуінің жоспарланғанын білдірді.

Йени Шафак газеті «Терроризмнен тазаланды, енді шетелдік турист келіп жатыр» деген тақырып қолданған.  Хаккариде қауіпсіздік күштерінің операцияларының арқасында терроризмнен тазаланған таулар мен жайлаулар туристерді қабылдауда.  Тек Түркияның ішкі туристері ғана емес шетелдік туристер де келіп жатыр. Соңғы рет Германиядан келген 20 адамдық туристік топ биіктігі 3800 метр Берчелан жайлауына барып, табиғатта серуендеді.  



Ұқсас жаңалықтар