Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1835243
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуы қауіпті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған "The Economist" журналына арнаған мақаласында терроризмді қолдайтын Финляндия мен Швецияның НАТО мүшелігін «қауіпті» деп есептейтінін білдірді. Ердоған «Швеция мен Финляндияның одақтас болғысы келетін мемлекеттердің қауіпсіздік мәселелеріне көзқарасы мен сезімталдығы Түркияның да бұл елдерді қаншалықты одақтас ретінде көргісі келетінін анықтайды» деді.

Хүррийет газеті «Ердоған Путин және Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелер барысында екіжақты қарым-қатынастар, жаһандық азық-түлік дағдарысы, әсіресе Украина-Ресей соғысы және аймақтық мәселелер талқыланды. Ердоған келісімге қол жеткізілген жағдайда құрылуы ықтимал бақылау механизмінде жауапкершілік алуға дайын екенін білдірді.

Ватан газеті «Түркия мен АҚШ арасында маңызды әңгімелесу»атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливанмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG-нің Түркияның ұлттық қауіпсіздігі мен Сирияның аумақтық тұтастығына қауіп төндіріп отырғанына назар аударылды. Түркияның террор ұйымдарының барлығына қарсы күресін табандылықпен жалғастыратыны баса айтылды.

Сабах газеті «Сириялық оппозициядан Түркияға қолдау хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоғанның Сириядағы террористтерге қарсы жаңа әскери операцияның белгісін беруінің артынан аймақтағы Башар Асад режиміне қарсы топтардан қолдау хабарлары келді. Сирия ұлттық армиясы «Түрік армиясына қосылу үшін мыңдаған жауынгеріміз бар» мәлімдеме жасады.

Стар газеті «Энергияда «Made in Türkiye» самалы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның жел энергиясы технологияларында маңызды брендке айналу жолында қарқынды дамып келе жатқанын атап айтты. Дөнмез «Made in Türkiye» (Түркияда жасалған) деген жазуы бар турбиналар жел энергиясын өндірісінде әлемнің түкпір-түкпірінде қолданылатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар