Түрік баспасөзіне шолу

Түркиядағы газеттердің басты тақырыптарына тоқталамыз.

1820485
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті "Ердоған: Жаңа бір кезеңнің бастамасы ішіндеміз" деген тақырыптағы хабарға орын берген.

Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесінде Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз әл Саудтың шақыруымен осы елге сапарлай келгенін білдіріп: "Сауд Арабиясына сапармен келдік. Тарихи, мәдени, халықтық байланыстарға ие екі бауырлас ел ретінде арамыздағы барлық саяси, әскери, экономикалық қарым-қатынастарды дамыту және жаңа бір кезеңнің бастауы үшін талпынудамыз" деді.

Хабар Түрік газеті "Президент Ердоған Ресей президенті Путинмен сөйлесті" деген тақырыптағы хабар жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті. Телефондағы әңгімеде Ресей мен АҚШ арасындағы  Түркияда болған қылмысты алмастыру және Украинадағы соғыс жағдайы қолға алынды.  Путин Түркияда болған қылмысты алмастыру жайлы Ердоғанға алғыс айтты.

Йени Шафак газеті "Түрік әуе кеңістігіне көп мәрте шабуылдаған Грекияға қарымжы қайтарылды" деген хабарға орын берген.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі, елші Танжу Билгич Грекия Әуе күштерінің 26-28 сәуірде Түркия жағажайларына жасаған арандатушылығы мен заңсыз ұшуларына қарымжы қайтарылғанын айтып:

"Грекияның дағдарысты бастағанына және асқындырғанына қарамай, еліміз жайлы негізсіз пайымдаулары екі ел арасындағы болымды күн тәртіп пен көршілік байланыстарға үйлеспейді" деді.

Ватан газеті  "Түркия мен Грекия арасындағы кездесудің уақыты белгіленді" деген хабар жариялады. 

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Түркия мен Грекия арасындағы қалыпқа түсу процесінің 3-ші кездесуі 2022 жылы 3 мамырда Австрияның астанасы Венада өтетіні білдірілді.

Хүрриет газеті «Tүрік Әуе Жолдары Стокгольмге тұрақтылық тақырыбындағы алғашқы рейсін бастады» деген хабарға орын берді.

Tүрік Әуе Жолдары қоршаған орташыл жанармай операциясын атқарған Airbus 321 типті TC-JSU номерлі жапырақтан құралған арнаулы өрнектермен безелген ұшағымен  Стокгольмге  алғашқы рейсін бастады.



Ұқсас жаңалықтар