Түрік баспасөзіне шолу

Түркияда шығатын газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1812847
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Маңызды кездесуде бейбіт келіссөздер тілге тиек етілді» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Австрия премьер-министрі Карл Нехаммермен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында президент Ердоған Украинада соғыстағы гуманитарлық трагедияға тоқталып, атысты доғаруға қол жеткізу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану және бейбіт келіссөздерде ілгерілеу үшін Стамбул процесіне қолдау көрсету керектігін айтты.

Стар газеті «Словения Байрактар TB2-ге қызығушылық көрсетуде» деген хабар жариялаған. Түрік отандық  қарулы ұшқышсыз әуе аппараты Байрактар TB2-ге Славения да қызығушылық көрсетуде. Словения Қорғаныс министрі Байрактар TB2-ні сатып алу үшін Түркиямен кездесе бастағанын хабарлады.

Йени Шафак газеті «Түркияның көгілдір отан талпынысы» атты хабарға орын берген. Түркия халықаралық сауданың және қатынаста интеграцияның маңызды түйіндері болған кемежай базасы санын 2053 жылға дейін көбейтуді көздеуде. Сонымен қатар «Жысыл порт» жобаларын кеңейтеді.

Хабар Түрік газеті «Машина экспортында рекорд жаңаланды» деген хабар жариялаған. Түркияның машина экспортында алғашқы тоқсанда 6.1 миллиард доллармен рекорд жаңаланды. Алғашқы тоқсанда жалпы экспорттың 5 пайыздан көбі соғысқа қарамастан Ресей мен Украинаға жасалды. Сонымен қатар Германия және Америка Құрама Штаттарына 1 миллиард доллардан астам машина сатылды.

Ватан газеті «Стамбул әлемнің ең тартымды қалалары қатарында орын алды» атты хабар жариялады.  2021 жылдың ең тартымды қалалары тізімі жарияланды. Әлемнің ең тартымды қалаларының тізімі коронавируспен күрес, инфрақұрылым, жалғастыруға болатын экономика, тұрғындардың тұрмыс деңгейі, туристтерді тартуы және күтіп алу сынды шарттар негізінде дайындалды. Орталығы Ұлыбританияда болған зерттеу фирмасы «Euromonitor» тарапынан дайындалған тізімге Түркиядан Стамбул қаласыг енді.



Ұқсас жаңалықтар