Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1795749
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Ердоған: Келісімге келдік» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Германия канцлері Олаф Шольцпен президенттік сарайдағы ортақ баспасөз мәслихатында Ресей-Украина соғысымен байланысты «Еуропа қауіпсіздігіне бағытталған шараларды қабылдай отырып, шешім үшін дипломатиялық талпыныстарды жылдамдатуға келістік» деді. Шольц болса «Ердоғанмен шабуылдар туралы көзқарасымыз бірдей. Сондай-ақ атысты тоқтатуға мүмкіндігінше қысқа уақытта қол жеткізу керек деп келісеміз» деді. 

Йени шафак газеті «Кулебадан Түркияға алғыс хат» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу украиналық әріптесі Димитро Кулебамен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіменің артынан Твиттердегі жеке аккаунтынан хабарлама жасаған Кулеба «Осы қиын-қыстау уақытта ынтымақтастық жасаған Түркияға алғыс айтамыз» деді. 

Хүррийет газеті «АҚШ-тан маңызды сапар» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Джеффри Флейктің Ресейден кетуге дайындалып жатқан 5 мың америкалық фирмаға Түркияны мекен-жай көрсеткені туралы жаңалықтың артынан АҚШ фирмалары атынан АҚШ Сауда палатасының төраға орынбасары Майрон Бриллиант осы аптада Түркияға келеді. 

Стар газеті «Түркияның алғашқы танк экспорты жасалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қысқаша FNSS болған Қорғаныс жүйелері АҚ бас директоры Наил Курт Индонезия үшін шығарылған «Kaplan MT» танкі үшін жеткізілімдердің басталғанын және жобаның бірінші пакетінің осы жылы аяқталатынын айтты. 

Сабах газеті «TOGG: Үздік 20 брендтің ішінде 6-шы орын алдық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобы TOGG-тың әлеуметтік медиадағы ресми аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Exhibitor 2 мың 300 қатысушы арасынан үміткер ретінде көрсеткен үздік 20 брендтің тізімінде 6-шы орында ие болдық» делінді.



Ұқсас жаңалықтар