Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1794984
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған Грекия премьер-министрі Мицотакиспен кездесті» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен бас қосты.  Кездесуде Түркия мен Грекия қатынастарындағы тақырыптармен бірге өзекті геосаяси оқиғалар және Ресей мен Украина арасындағы соғыс қолға алынды.

Хабер Түрік газеті «БҰҰ-нан президент Ердоғанға алғыс» атты хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда, президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттеришпен кеше телефон арқылы сөйлесті.  Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда, телефон әңгімесінде Гутерриш Ердоғанға Ресей мен Украина арасында араағайындық бастамасы, бейбітшілікке үлес қосу талпыныстары және дипломатиялық ынталарына орай алғыс айтты.

Сабах газеті «Елімізге деген сенім ашық» деген тақырып қолданған.  Кеше Анталия Дипломатиялық Форумынан кейін мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты «Екі жақтың да жиналысқа біздің де қатысуымызды қалауы елімізге деген сенімді көрсетеді» деді.

Йени Шафак газеті «Еліміз әлемнің жүрегі соғатын жер болады» деген хабар жариялаған.  Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун Түркияның бұдан кейінгі процесте де дипломатиялық және стратегиялық тұрғыдан әлемнің жүрегі соғатын жер болатынын білдірді.  Алтун кеше әлеуметтік желідегі жазбасында Түркияның стратегиялық тұрғыдан қолындағы ықпалдылық пен геосаяси және геоэкономикалық маңызын соңғы бір апталық дипломатиялық қатынастарда көрсеткенін айтты.

Стар газеті «Түркиядан үйренгіміз келеді» деген хабарға орын берген.  Кеше Анталия Дипломатия Форумында сөз сөйлеген және Түркиядағы технологиялық инфрақұрылымға қайран болғанын білдірген Сьерра-Леоне Сыртқы істер министрі Дэвид Францик «Түркиядан үйренгіміз келеді. Түркияға келгенде және саяхат еткеніңізде инфрақұрылымдағы жетістіктерді айқын көруге болады» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар