Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1789040
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Челик: Түркия дипломатиялық тұрғыдан маңызды бір ел» деген хабарға орын берді. Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик «Украинаға жасалған шабуылдар халықаралық құқыққа қайшы. Президентіміз Украина дағдарысын шешу үшін қатты атсалысуда. Атыстың доғарылуы үшін кездесулер жалғасуда. Түркия дипломатиялық тұрғыдан маңызды бір ел» деп көрсетті.

Йени Шафак газеті «Түрік Әуе жолдары хабарлады: Украинадағы түрік азаматтары эвакуацияланды» атты хабар жариялаған. Автожолдармен Румынияның астанасы Бухарестке жеткен түрік азаматтары Түрік Әуе жолдарының эвакуациялауы арқылы Түркияға әкелінді. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей-Украина арасындағы соғыста осы уақытқа дейін 8 мың 50 түрік азаматының эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Хүрриет газеті «Eurovision байқауының жеңімпазы украиналық Джамала Түркияға алғыс айтты» атты хабар жариялаған. Eurovision байқауының 2016 жылғы жеңімпазы, Қырым татар қызы, әнші Джамала Украинадағы орыс шабуылынан қашып, екі баласымен Түркияға жетті. Баспасөзге мәлімдеме жасаған Джамала президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтып, «Бізді түріктер құтқарды. Стамбұлдан Румыния шекарасына дейін келіп, бізді аман-есен Стамбұлға жеткізді» деді.

Сабах газеті «Чавушоғлу: Сириялықтардың еліне оралуы тақырыбында бірге жұмыс істеудеміз» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Иордания премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер және шетелдегі иорданиялықтар министрі Айман Сафадимен сөйлескеннен кейін «Сириялықтар өз еркімен және қауіпсіз түрде еліне оралуы тақырыбында бірге жұмыс істеудеміз» деді.

Ватан газеті «Министр Муш: экспорт рекорд жаңалады» деген хабар жариялаған. Сауда министрі Мехмет Муш «Экспортымыз өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда 25,4 пайыздық артумен 20 миллиард долларға жетті» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар