Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1764312
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоғанның ФЕТӨ хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Тиранада Албания премьер-министрі Эди Рамамен келісімдерге қол қою рәсімі мен ортақ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады. Президент Ердоған Фетуллахшы террор ұйымымен (ФЕТӨ) күрес тақырыбында Албаниядан одан көп ынтымақтастық күткендерін атап «Жазықсыз жандардың қанын төккен бұл опасыз құрылым тек Түркияға ғана емес, өзі тұрған елдерге де қауіп төндіретіні анық. Алдағы кезеңде Албаниядағы ФЕТӨ құрылымына қарсы жылдам және шешімді қадамдар басылуын күтеміз» деді.

Сабах газеті «Албания премьер-министрі Рама: Ердоған айтқанын істеп, уәделерін орындайтын тұлға» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Албанияның Лач қаласында Түркия салған тұрғын үйлерді тапсыру рәсіміне қатысты. Албанияда болған жер сілкінісінің артынан зардап шеккендер үшін салынған тұрғын үйлердің кілтін тапсыру рәсімінде сөйлеген Албания премьер-министрі Эди Рама Ердоғанның ерекше мінезіне назар аударды. Рама міндетіне байланысты жылдар бойы көптеген мемлекет басшыларымен кездескенін, одан Ердоғанмен жақын достығы туралы жиі сұралатынын атап «Менің жауабым негізі өте қарапайым болады. Режеп Тайып Ердоған айтқанын істеп, уәделерін орындайтын тұлға. Қазіргі әлемде және дипломатиясында Мевлүт (Чавушоғлу) өте жақсы біледі, «иә» дегені иә, «жоқ» дегені жоқ болатын дұрыс адамды кездестіру қиын» деді.

Стар газеті «Жарлыққа қол қойды: Енді Түркиядан әкелінеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Грузия нарығы Түркиядан әкелінетін дәрі-дәрмекке ашылды. Тиісті жарлыққа Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили қол қойды.

Хабер түрік газеті «Түркияның орнатылған күн қуаты 7 мың 816 мегаватқа жетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның орнатылған күн қуаты 8 жылда 40 мегаваттан 7 мың 816 мегаватқа өсті. Өткен жылы энергия желісіне 1 мың 149 мегаватт күн электр станциясы қосылды.

Ватан газеті «Анталия турист саны үш есеге артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 1-16 қаңтар күндері аралығында Анталия халықаралық терминалына 808 рейспен барлығы 78 мың 538 турист келді. 2021 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда турист саны үш есе өсті. Турист саны тұрғысынан ресейлік және неміс туристер тізім бойынша бірінші орында.



Ұқсас жаңалықтар