Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1763695
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Батыс медиасынан мойындау. Жалғыз жол – Түркиямен ынтымақтастық» деген хабар жариялаған.  Брюссельдегі EU Observer газетінде Түркия жайлы мақала жарияланды.  «Түркия мен Еуропалық Одақ арасында геосаяси ынтымақтастықтың уақыты» атты мақалада Түркияның геостратегиялық маңызыды назар аударылды.  «Жалғыз жол – Түркиямен ынтымақтастық» деп айтылды.

Йени Шафак газеті де Америка Құрама Штаттарынан бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «Washington Post»  газеті  Bayraktar TB2 көлігін тақырып қылған.

Америка Құрама Штаттарының Wahington Post газеті Түркияда жасалған жоғары технологиялық Bayraktar TB2 ұшқышсыз әуе көлігін тақырып қылған.  Ұшқышсыз әуе көлігі елдердің әуе күштерінің бюджетінің аз бөлігімен мықты әуе күшін ұсынады. Украиналық әскери маман «Жауға қарсы шыныменен ықпалды» деп сипаттаған. Газет Мәскеу әкімшілігінің дабыл соққанын жазған. 

Стар газеті «Көршіден мақтау» деген хабарға орын берген. бүкіл әлем қайран болып, мақтаған Түркияның отандық автомобилі TOGG көлігіне бұл жолы мақтау көрші Грекиядан келді.  Грекия баспасөзі «Түріктер Еуропаны жеңіп алуға дайын және президент Ердоған TOGG арқылы арманын орындайды» деп жазды.

Ватан газеті «Текнофесттің Ғылым және технология самалы Әзербайжанда еседі» деген хабарға орын берген.  әлемнің ең ірі Авиация, ғарыш және технология фестивалі TEKNOFEST бес жылда ел шекарасынан асты.  Бауырлас ел Әзербайжанда 26-29 мамыр күндері арасында өтетін фестивальде технология, ғылым, байқаулар, достық пен бауырластық салмақты орын алады.

Хүрриет газеті «Түрік ойын секторына пандемия допингі» деген хабар жариялаған.  Түркия ойын жетілдіруде әлемнің алдынғы қатарлы елдерінің бірі ретінде алға шықты. 2021 жылы Америка Құрама Штаттарындағы ең таңдауды мобильдік 100 ойынның 20 пайызы Түркиядан алынды.



Ұқсас жаңалықтар