Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1761887
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «HURJET-те жаппай өндіріс басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен Президенттік кешенде өткен Қорғаныс өнеркәсібі Атқарушы комитетінің кезекті отырысында Түрік Қарулы Күштері (TSK) мен қауіпсіздік бөлімшелері пайдаланатын отандық жүйелерге жаңаларын қосу мәселелері талқыланды. Алғашқы ұшуы келесі жылы жоспарланған HÜRJET оқу-жаттығу және жеңіл шабуыл ұшағы үшін алғашқы кезеңнің жаппай өндірісі туралы шешім қабылданды.

Йени Шафак газеті «Түркия Жерорта теңізінің шығысында теңгерімді өзгертті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Грекияның Жерорта теңізінің шығысындағы энергия көздері арқылы тұрақсыздандыруға бағытталған саясаттары Түркияның табанды ұстанымымен бірінен соң бірі бұзыла бастады. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Түркия елемейтін EastMed құбыр желісі жоспарына берген қолдауынан бас тартты. Француздық Total және американдық ExxonMobil компаниялары да Крит аралында сейсмикалық зерттеу жұмыстарын тоқтатты.

Ватан газеті «Денсаулық сақтау министрі Кожа: Turkovac вакцинасын қауіпсіз пайдалана аласыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жаңа типтегі коронавирусқа (ковид-19) қарсы жетілдірілген және барлық кезеңдік зерттеулерден сәтті өтіп, төтенше пайдалануға рұқсат етілген отандық Turkovac вакцинасын салыстыру тобының қытайлық Sinovac вакцинасынан тиімдірек екенін анықтағанын мәлімдеді. Turkovac-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) критерийлеріне сәйкес келетінін айтқан Кожа «Біздің Turkovac вакцинасын қауіпсіз пайдалана алатынымызды ешкім ашық дауыстап айтудан бас тартпауы керек» деді.

Стар газеті «Әскери кемелерін өзгертуге шешім қабылдаған Марокко Түркиямен келісті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Марокко баспасөзі Марокко Корольдік Әскери-теңіз күштерінің Түркиямен 7 дана жылдам шабуылдаушы қайық пен бір Корвет сатып алу үшін келіскенін жазды. Келіссөздердің 2021 жылдың қазан айында басталғанын жазған ел баспасөзі келісімнің жалпы сомасының 222 миллион долларды құрағанын білдірді. Жаңалықтарда жеткізілімдердің 2022 жылдың екінші жартысында жүзеге асырылуы жоспарланғаны атап өтілді. Марокконың түрік әскери өнеркәсібі үшін қарқынды дамып келе жатқан ең үлкен нарықтардың біріне айналғанына назар аударылды.

Сабах газеті «Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) Еуропада көшбасшылығын жалғастырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ковид-19 індеті әуекомпанияларға теріс әсер еткені себепті әлемдік компаниялар 2021 жылды шығынмен аяқтады. Банкротқа ұшыраған әуе компаниялардың саны көбейсе, әлем алпауыттары үкіметтің қолдауымен ғана аман қалды. Эпидемия кезеңінде көптеген әуе компаниялары рейстерін тоқтатып, жұмыстарына үзіліс бергенде, ТӘЖ жаңа ұшу бағыттарын ашу арқылы өсу процесін жалғастырды. Еуропадағы көшбасшылығын жалғастырды.



Ұқсас жаңалықтар