Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1745718
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ресей S-400 жайлы мәлімдеме жасады. Түркия тұғырынан бас тартпауда» деген хабарға орын берген. Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков Түркияның Ресейдің S-400 қорғаныс жүйсін алғаны үшін АҚШ-тың санкция жасағанын айтты. Песков осы себепті АҚШ-ты сынға тартты. Түркияның бұл санкциларға қарсы тұғырын өзгертпегенін түсіндірген Песков Түркияға екінші S-400 қорғаныс жүйесін жіберуді жоспарлағанын білдірді.

Ватан газеті «Министр Сойлу: 3 мың 250 полициямыз Катардағы Әлем кубогында міндет атқарады» атты хабар жариялаған. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу «3 мың 250 полициямыз Катардағы FIFA 2022 Әлем кубогында міндет атқарады» деді. 2022 жылғы Әлем чемпионаты 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында жеті қалада: Доха, Лусаил, Аль-Вакр, Аль-Хор, Ар-Райян, Умм-Салал және Аш-Шамалда өтеді. Ақтық матч 80 мың көрермен сыятын Лусаилдің ұлттық стадионында болады.

Стар газеті «Министр Муш: Түркия экспорты өсуде» деген хабарға орын берген. Сауда министр Мехмет Муштың айтуынша Түркияның экспорты өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 33,4 пайыз артып, 21 миллиард 468,5 миллион долларға көтерілді.

Йени Шафак газеті «Италияға жасалған экспорт рекорд жаңалады» деген хабар жариялаған. Түркия Италияға қазан айында 1 миллиард 26,1 миллион доллар болған айлық экспорт рекордын қараша айында 1 миллиард 39 миллион долларға көтерді. Осылайша Италия қараша айында Түркияның ең көп экспорт жасаған 4-ші елі ретінде тіркелді.

Сабах газеті «Түрік Серіктестік Мұнай Бірлестігі Республика тарихының рекордын жаңалауға дайындалуда» атты хабарға орын берген. Түрік Серіктестік Мұнай Бірлестігі мұнай өндірісінде жаңа жылдың нысаналарын белгіледі.



Ұқсас жаңалықтар