Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1740714
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: тамаша даму болады» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстан сапарынан қайтарда ұшақта бағаландырулар жасады. Президент Ердоған Біріккен Араб Әмірліктерінің Түркияға 10 миллиард долларлық инвестиция жобасын ұсынғанын айтып: "Осы инвестицияны орындау арқылы өзгеше бір болашақ орнатамыз. Тамаша даму болады" деді.

Хүрриет газеті «Ұлттық Қорғаныс министрлігі: қызыл бюллетеньмен ізделген террорист ұсталды» деген хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Сириядан заңсыз жолдармен Түркияға кіруге тырысқан біреуі қызыл бюллетеньмен ізделген 7 террористтің ұсталғанын білдірді.

Стар газеті «Сырқы сауда санақтары жарияланды» деген хабарға орын берген. Түркияның экспорты қазан айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 20,1 пайыз артып , 20 миллиард 792 миллион доллар, импорты болса 12,8 пайыздық артумен 22 миллиард 230 миллион доллар ретінде жүзеге асты.

Хабер Түрк «Диярбакыр қорғанында Мервини патшасының сарайы табылды» атты хабар жариялаған. Диярбакыр қорғаны қаланың ең маңызды тарих пен мәдениет болмысын құрайды. Диярбакыр қорғанында тарихта қонақжайлық жасаған барлық өркениеттердің ізі бар. Диярбакыр қорғанында Мервини татшасының сарайы табылды.

Сабах газеті «Тайфун Коркут Бундеслигада» деген хабарға орын берген. Түркия Ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Тайфун Коркут Хертха БСЦ Берлиннің жаңа жаттықтырушысы болды.



Ұқсас жаңалықтар