Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1719511
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сириядағы террорлық ұйым PKK шабуылдарына байланысты Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары мен Ресейге қатаң үндеу жолдады. «АҚШ пен Ресей бізге берген уәдесін орындамады.  Террористтердің тазалануы үшін қолымыздан келгенді жасаймыз» деді ол.  Министр Америка Құрама Штаттарының Сирияда шейіт болған түрік қауіпсіздік қызметкерлеріне жіберген көңіл айту хатын да «жасанды» деп атады.

Стар газеті «Ресейдің Түркияға табиғи газ тасымалы артады» деген хабар жариялаған. Ресей президенті Владимир Путин Еуропаға түрлі ротадан газ айдауды арттырғандарына назар аударып: «Түркия арқылы Көгілдір ағын ротасымен, Түрік Ағыны және Украина арқылы да газ айдауды арттырып отырмыз» деді. Путин «Газ жіберуді тағы да арттыр десе, арттырамыз» деді.

Хүрриет газеті Түркиядан Непалге көңіл айту хабарламасы жіберілгенін білдірген.  Түркия Непалдің Мугу аймағында 32 адам қайтыс болған автобус апатына байланысты Непал халқы мен үкіметіне көңіл айтты.  Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында «Непалдің Мугу аймағында болған жол апатында 32 адам қаза тауып, 17 кісі жарақат алғанын естідік.  Осы апатта қаза тапқандардың отбасылары мен дос Непал халқы мен үкіметіне қайғырып көңіл айтамыз.  Жаралы азаматтарға жедел шипа тілейміз» деп айтылды.

Ватан газеті «Пәкістан Францияны тастап,  Түркиямен келісті» деген хабар жариялаған.  Араб баспасөзі ТР Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Исмаил Демирдің Пәкістан Теңіз күштеріне қарасты сүңгуірлердің модернизациясына байланысты сөздерін жазған.  Араб баспасөзі Демирдің «Қорғаныста саяси қысым бар.  Оларды айыптаймыз.  Мысалы Пәкістан Франциядан алған сүңгуірлердің модернизация тендері  үшін француздар қысым жасады.  Бірақ тендерді Қорғаныс технологиялары компаниясы алды» деген сөздеріне орын берді.

Хабер Түрік газеті отандық вакцина хабарына орын берген.  ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа коронавирусқа қарсы жетілдірілген отандық вакцина Turkovac-тың басқа вакциналардан кейін «ревакцинация» ретінде салынатын үшінші саты жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді. Министр азаматтарды отандық вакцина үшін ерікті болуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар