Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1716781
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Түркия Израильді айыптады» атты хабарға орын берген. Сыртқы істер министрлігі Израильде бір соттың сыңар жақты шешіміне байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде былай делінді: "Израильде бір сот тарапынан жасалған еврейлердің Әл-Акса мешітінде "үнсіз" ғибадат жасау құқықы болғанын пайымдаған шешімін қатал түрде айыптаймыз" делінді. Мәлімдемеде халықаралық ұйымға үндеу тастап "Халықаралық ұйымды бұл қате, заңға қайшы және қауіпті шешімге қарсы шығуға шақырамыз" деген сөздер қолданылды.

Хүрриет газеті «Ұлыбритания: Түркияда BionTech вакцинасын ектіргендерді үй карантиніне алу шешімін күшінен қалдырды» атты хабар жариялаған. Ұлыбритания Түркия қамтылған 37 елден кірген жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы вакцина ектірген жолаушыларды алатындарын хабарлады. Осы бойынша Ұлыбритания тарапынан бекітілген Сovid-19 вакциналарын Түркияда ектіргендер де 10 күн бойынша үйде қалмайтын болды.

Йени Шафак газеті «Turkovac-қа үшінші доза рұқсаты берілді» деген хабарға орын берген. Түркия Дәрі-дәрмек және медициналық жиһаз мекемесіне (TİTCK) жергілікті вакцина Turkovac-тың ескерту дозасы ретінде қолдануына рұқсат берді. 2 доза Sinovac вакцинасын ектіргендерге кеше үшінші доза ретінде Turkovac іске қосылды.

Стар газеті «Түркия дос елге үлкен инвестиция салды» атты хабар жариялаған. Қазақстан осы жылдың алғашқы жартысында елге тікелей инвестиция салған шетелдік инвестициялардың деңгейін жариялады. Түркия Қазақстанға 388,7 миллион доллар құнында инвестиция салды. Түркия Америка Құрама Штаттары және Швейцариядан кейін Қазақстандағы инвестицияларын ең көп арттырған үшінші ел.

Сабах газеті «Hugo Boss Түркияда өндірісін арттырады» атты хабарға орын берген. Жаңа типті коронввирус (Сovid-19) індетінен кейін батыс фирмаларының назары Түркияға ауды. Германия алпауыты Hugo Bos инвестиция салу үшін Түркияға келді.

 



Ұқсас жаңалықтар