Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1716149
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ұлттық Барлау ұйымы Даглыджа шабуылына қатысқан террористті Ирактың солтүстігінде залалсыздандырды» деген тақырып қолданған. Ұлттық Барлау ұйымы 2012 жылы Хаккари Даглыджада болған,  8 әскер шейіт етілген шабуылға қатысқандар арасында орын алған сепаратистік террорлық ұйым PKK-ға мүше террорист Өзджан Йылдызды Ирактың солтүстігіндегі Гарада залалсыздандырды.

Хүрриет газеті «Бүкіләлемдік банктен Түркияға өсім болжамы» деген хабар жариялаған.  Бүкіләлемдік банк Түркия экономикасына бағытталған 2021 жыл өсім болжамын 3,5 ұпай арттырды. Банк болжамды 5 пайыздан 8,5 пайызға жаңалады.

Сабах газеті Стамбул әуежайы жөніндегі хабарға орын берген.  Әлемнің ең үздік әуежайларының бірі болудан асып, жолаушыларға теңдесі жоқ саяхат тәжірибесін ұсынған Стамбул әуежайының табыстары үшін тағы бір сыйлық берілді. Әлемге танымал саяхат журналы «Condé Nast Traveler-дің» оқырмандары әлемнің үздік әуежайлары тізімінде Стамбул әуежайын екінші орынға орналастырды.

Хабер Түрік газеті «Қазына және қаржы министрі Елван француз әріптесі Ле Маримен кездесті» деген хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Лүтфи Елван кеше бас қала Парижде Франция Экономика және қаржы министрі Бруно Ле Маримен OECD Министрлер кеңесі жиналысы шеңберінде бас қосты. Министр Ле Маримен халықаралық салық, климат өзгерісімен күрес саясаты және екі жақты ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталған кездесу өткізгенін білдірді.

Стар газеті «Явуз» бұрғы кемесі жолға шықты» деген хабарында кеменің мұнай және табиғи газ іздеу жұмыстарына қосылу мақсатымен Босфор бұғазынан өтіп, Қаратеңізге жол тартқанын хабарлаған.



Ұқсас жаңалықтар