Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1711969
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоғанның TURKOVAC хабарламасы: Жаппай өндірісті бастаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Жаһандық ковид-19 саммитіне жолдаған бейне хабарламасында «Түркия ретінде әлем тұрғын санының кем дегенде 70 пайызын вакциналау барлық елдерде сынама, диагноз, емдеу және шара құралдары мен мүмкіндіктерін күшейтуге қоса жаһандық деңгейде одан жақсы бір денсаулық  сақтау жүйесі нысанасын қолдаймыз» деді. 

Хабертүрік газеті «Президент Ердоған мен Байден Римде бас қосады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған 30-31 қазан күндері Италияның Рим қаласында өтетін Үлкен жиырмалық елдерінің көшбасшылар саммитінде АҚШ президенті Джо Байденмен оңаша бас қосады. 

Йени шафак газеті «Әлем біздің қару-жарақтарымыз үшін кезекке тұрды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Рокетсан (Зымыран өнеркәсібі мен сауда АҚ) бас директоры Мурат Икинджи Түркия ұлттық ресурстармен өндірген өнімдерді сатып алу үшін көптеген елдің кезекке тұрғанын атап көрсетті. Икинджи «Қару-жарақтарымыздың майдандағы табысы елдердің қызығушылығын арттырады. Түркияның қорғаныс өнеркәсібі нарығындағы үлесі артып келеді» деді.  

Стар газеті «Түркияның Африкаға қолтаңбасы! ‘Олар біздің не істей алатынымызды көрді’» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Камерунның экономикалық бас қаласы Доуалада түрік мердігерлері салған 'Douala Japoma Stadium' футбол жанкүйерлерінің ризашылығына бөленді. Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы  «ФИФА», Африка футбол конфедерациясы «CAF»  және камерундық лауазымдылардан үздіксіз мақтау алғандарын тілге тиек еткен құрылыс компаниясының Африка жобалары директоры Тахсин Туфан Сержан «Камерундықтар түрік мердігерлерінің не істей алатынын көрді» деді. 

Сабах газеті «Standard & Poor's-тың Түркияға қатысты жаңа өсу болжамы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда халықаралық несие бағалау мекемесі Standard & Poor's Түркия үшін 2021 жылға арналған экономикалық өсу болжамын 6,1 пайыздан 8,6 пайызға көтерді. 



Ұқсас жаңалықтар