Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1708025
Түрік баспасөзіне шолу

 

Сабах газеті «Мәжіліс спикері Еуроодақтың миграция саясатын сынады» деген хабарға орын берген.  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп миграция саясатындағы сәйкессіздіктер себебімен Еуропа Одағын сынады.  Шентоп «Еуропа Одағы берген уәделерін орындамайынша және қажетті гуманитарлық бастамаларды атқармайынша көш толқыны тоқтамайды. Түркия енді босқын қабылдай алмайды. Әркім өзінің жауапкершілігін орындауы керек» деді.

Йени Шафак газеті «АҚШ-тық саясаттанушы Кофи: Түрік ықпалы Орталық Азия, Кавказ және Ауғанстанда өсіп келеді» деген хабар жариялаған.  «Douglas and Sarah Allison» Сыртқы саясат орталығының директоры Лук Кофи Орталық Азия, Кавказ және Ауғанстанда түрік ықпалының өсіп келе жатқанын айтты.  Ол Түркияның аймақта ықпалының артқанын баса көрсетті. «Қазір қатынасымыз қиын болғанына қарамастан,  Түркияның одақтасымыз болуы және НАТО-да орын алуы Америка Құрама Штаттарына үлкен пайда тигізеді» деді ол.

Хүрриет газеті «Түркия бірінші орын алды» деген хабар жариялаған. Түркия 2005 жылдан бері қатысып келе жатқан Еуропа Одағы жас ғалымдар жарысында бірінші рет жеңіп шықты. 34 елден келген жастар жарысқан жарысқа Түркиядан 6 жоба қатысты. Осы жобалардың бесеуі жүлдеге лайық деп табылды.

Хабер Түрік газеті «8 айда 11,8 миллион долларлық шай экспорты» деген хабарға орын берген.  Түркия 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында 110 елге шай экспорттады.  Шай экспортынан 11 миллион 898 мың 412 доллар табыс түсті. Бельгия, АҚШ, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Франция және Нидерланды  ең көп табыс түсірілген елдер болды.

Стар газеті «Ампутант құрамасы жеңіске жетті» деген хабар жариялаған. Түркияның Ампутант футбол ұлттық командасы 2021 EAFF Еуропа Ампутант футбол чемпионатының ақтық сайысында Испания командасын 6-0 есебімен жеңіп,  екінші рет Еуропа Чемпионы болды.



Ұқсас жаңалықтар