Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1703748
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған маңызды мәлімдеме жасады» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Кабинет жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде экономика саласындағы өсуге тоқталды. Президент Ердоған «Экономикамыз жалғасты өсуде. Өткен жылды 93,3 миллиард доллармен жапқан валюталық резервтеріміз 27 тамыздан бастап 118 миллиард доллардан асты» деді.

Хүрриет газеті «Ішкі істер министрінің орынбасары Чатаклы Ауғанстан босқындары жайлы мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Ішкі істер министрінің орынбасары және министрліктің мәлімдемешісі Исмаил Чатаклы «Мемлекетіздің шекарасына жақындаған топтық түрдегі жаңа бір босқын ағыны жоқ» деді.

Стар газеті «Түркияның Испанияға жасаған экспорты артты» деген хабар жариялаған. Түркия тамыз айында Испанияға жасаған экспорты рекорд жаңалады. Испанияға жасалған экспорт тамыз айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда  45,7 пайыз артып, 807,1 миллион долларға көтерілді.

Ватан газеті «Түрік әуе жолдары күнделікті 1297 рейс санымен Еуропада екінші болды» атты хабарға орын берген. Еуропалық әуе навигациясының қауіпсіздік ұйымы (EUROCONTROL) 30 тамыз және 15 қыркүйек күндері аралығындағы рейс санақтары бойынша Түрік әуе жолдары күнделікті 1297 рейс санымен Еуропада екінші болды.

Сабах газеті «Бурак Йылмаз Францияда айдың үзік футболшысы» атты хабар жариялаған. Ұттық футболшы Бурак Йылмаз Францияда мақтауға ие болуда. 36 жасындағы Бурак Йылдыз Лилль командасында айдың үздік футболшысы болып сайланды.



Ұқсас жаңалықтар